Шет мемлекеттердiң дипломатиялық почтасын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзуге бақылау жасауды қамтамасыз ету, бұл жұмысты халықаралық нормаларға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық почтасын және дипломатиялық курьерлердiң жеке заттарын Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзудiң уақытша ережелерi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi, Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы және Қазақ азаматтық авиация басқармасы Шет мемлекеттердiң дипломатиялық почтасын және дипломатиялық курьерлердiң жеке заттарын Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзудiң уақытша ережелерiнде көзделген қағидалардың мүлтiксiз орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Алматы қаласында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы дипломатиялық почтаны және дипломатиялық курьерлердiң жеке заттарын өткiзу ережелерi туралы хабардар етсiн.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 13 шiлдедегi
N 599 қаулысымен
Бекiтiлген
Шет мемлекеттердiң дипломатиялық почтасын және
дипломатиялық курьерлердiң жеке заттарын Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудiң
Уақытша ережесi
1. Дипломатиялық почта арқылы кедергiсiз қарым-қатынас жасау құқығын мына төмендегiлер пайдаланады: Қазақстан Республикасы дипломатиялық немесе консулдық қатынастар жасайтын мемлекеттердiң сыртқы iстер министрлiктерi (ведомстволары); осы мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы және үшiншi елдердегi дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерi; сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық ұйымдар және шет мемлекеттердiң осы ұйымдардағы өкiлдiктерi, егер бұл Қазақстан Республикасы бiр жақ болып табылатын тиiстi халықаралық келiсiмдерде көзделген болса, бұл орайда "дипломатиялық почта" деген термин арқылы мұндай мекемелер мен ұйымдардың ресми корреспонденциясын, яғни оларға және олардың мiндеттерiне қатысы бар бүкiл корреспонденцияны түсiну керек.
Бұл құқық Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе консулдық қатынастары болмай отырған шет мемлекеттердiң дипломатиялық почтасының, егер бұл мемлекеттер Қазақстан Республикасының дипломатиялық почтасының транзитiне кедергi келтiрмейтiн болса, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүзеге асырылатын транзитiне қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн дипломатиялық почтаны ашуға да, бөгеуге де болмайды.
Дипломатиялық почтаны құрайтын барлық орындарда олардың сипатын бiлдiретiн сыртқы таңбалары болуға тиiс және бұл орындарда тек ресми корреспонденция мен құжаттар немесе ресми пайдалануға арналған заттар ғана болады.
Дипломатиялық почтаның әрбiр орнына сүргiштелген мөр басылуға немесе жолдаушының қорғасын мөрiмен пломбалануға тиiс және "Expedition officielle" деген жазуы бар жапсырма қағазы болуға тиiс. Дипломатиялық почтаның салмағы 70 килограмнан аспауы керек. Транзиттiк дипломатиялық почтаның салмағы шектелмейдi.
3. Дипломатиялық курьер ресми құжатпен (курьерлiк парақпен) жабдықталып, бұл құжатта оның статусы және дипломатиялық почтаны құрайтын орындардың саны көрсетiледi. Уәкiлдiгi бар қызметкер қол қойған бұл құжат дипломатиялық почтаны жолдаушы мекеменiң мөрiмен расталады.
Өз мiндеттерiн атқару кезiнде дипломатиялық курьердiң жеке басына тиiсушiлiкке жол берiлмейдi және оны қандай да бiр формада қамауға немесе ұстауға болмайды. Дипломатиялық курьерлердiң жеке заттары жеке қажеттiлiк шеңберiнде кедендiк тексерусiз өткiзiледi.
4. Дипломатиялық почтаны азаматтық ұшақтың әуежайға бара жатқан экипажының командирiне сенiп тапсыруға да болады. Бұл жағдайда командир дипломатиялық почтаны құрайтын орындардың саны көрсетiлген ресми құжатпен (курьерлiк парақпен) жабдықталады, бiрақ дипломатиялық курьер болып есептелмейдi. Өкiлдiк дипломатиялық почтаны ұшақ командирiнен тiкелей және кедергiсiз қабылдап алуға өз қызметкерлерiнiң бiрiн жiбере алады.
5. Дипломатиялық почта сондай-ақ ресми құжатпен жабдықталған (курьерлiк парақпен) уақытша дипломатиялық курьерге - ad hoc сенiп тапсырылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда осы Ережелердiң, дипломатиялық курьерлердiң өздерiнiң мiндеттерiн орындау кезiнде пайдаланатын артықшылықтары мен иммунитеттерiнiң оған сенiп тапсырған дипломатиялық почтаны белгiленген жерiне жеткiзген уақытта тоқтатылатынын қоспағанда, қағидалары қолданылады.
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан дипломатиялық почтаны өтетiн дипломатиялық курьер немесе ұшақтың командирi кедендiк мекемеге осы почтаға жазылған ресми құжатты (курьерлiк парақты) көрсетедi.
Шетелдiк дипломатиялық почтаға жазылған курьерлiк парақта Қазақстан Республикасынан дипломатиялық почтаны алып шығу кезiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасына дипломатиялық почтаны алып кiрерде Қазақстан Республикасының дипломатиялық (консулдық) өкiлдiгiнiң визасы болуға тиiс.
Өзаралық негiзде курьерлiк парақтарға виза қою талап етiлмейдi. Курьерлiк параққа виза қоймайтын елдердiң тiзiмiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кедендiк басқармасы кедендiк мекемелерге хабарлайды.
7. Дипломатиялық (консулдық) өкiлдiктiң дипломатиялық почтаны қарсы алушы немесе шығарып салушы қызметкерлерiнiң бiр күнтiзбелiк жыл бойында, көрсетушiге берiлген, қолданыстағы тұрақты рұқсат қағазымен әуежайдың ұшу алаңына кiру хұқығы бар. Осы рұқсат қағазы әуежайдың бақылау-жiберу пунктiнде өкiлдiк қызметкерiнiң дипломатиялық немесе қызмет карточкасымен бiрге көрсеткенде жарамды болып табылады.
Алып жүрген дипломатиялық почтаны алу немесе жiберу үшiн тиiстi ұшақ тұратын жерiне келген соң өкiлдiктiң дипломатиялық нөмiрi бар машинасымен әуежайдың ұшу алаңына кiруге рұқсат берiледi.
Дипломатиялық (консулдық) өкiлдiлiктерге белгiленген үлгiдегi тұрақты рұқсаттамаларды ресiмдеудi және берудi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ресми жазбаша өтiнiмiне орай шекара және кеден органдарымен келісiм бойынша әуежайдың әкiмшiлiгi жүргiзедi.<*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1132 қаулысымен .
8. Кедендiк мекемелер дипломатиялық почтаны тек сыртынан тексередi, сол процесс барысында оның дайындалуының осы Ережелерге сәйкестiгi анықталады. Осы Ережелердi бұза отырып дайындалған жерлер дипломатиялық почта деп саналмайды.
9. Дипломатиялық курьерлер алып жүрмейтiн дипломатиялық почта вализ-қапшықтарға немесе берiк былғары немесе тоқыма материалдан жасалған сөмкелерге салынып, жiберушiнiң сүргiштiк мөрi немесе пломба соғылған және "Expedition officielle" жазбасы және жiберушi мен алушының дәл мекен-жайы болуы тиiс. Вализа iлiнiп тұратын немесе iшкi құлыппен жабдықталуы мүмкiн және әрбiр вализаның салмағы 10 кг-нан аспауға тиiс.
Салмағы 10 кг-нан асатын дипломатиялық почтаны жiберу үшiн жiберушi әуежайдың Халықаралық секторына күнi бұрын өтiнiш жасайды.
Шетелге жiберiлуге тиiс, курьерлер алып жүрмейтiн, осы Ережелерге сәйкес дайындалған дипломатиялық почтаны жiберушi әуежайға 3 сағаттан кешiктiрмей және дипломатиялық почта кететiн ұшақтың ұшуына дейiн бiр тәулiктен ерте емес уақытта жеткiзедi.
Дипломатиялық өкiлдiктiң мекен-жайына түскен, курьерлер алып жүрген дипломатиялық почта алушыға қажеттi кедендiк формалдылықтарды орындаған соң әуежайдың халықаралық қоймасы арқылы берiледi. -----------------------------------
Ескерту.
Осы Ережелер Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы 1961 жылғы 18 сәуiрдегi Вена конвенциясының негiзiнде жасалған.