Қазақстан Республикасында көлiк басқаруды жетiлдiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 15 шiлде 1993 ж. N 610. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      Республика тұрғындары мен халық шаруашылығының iшкi және халықаралық қатынастардағы тасымалдауға деген қажетiн қамтамасыз ететiн көлiктi мемлекеттiк басқарудың салалық жүйесiн қалыптастыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi бiрыңғай көлiк саясатын жүргiзу, саладағы жұмыс жағдайы үшiн жауапты болу, қазiргi заңдарға сәйкес темiр жол, авиация, автомобиль,теңiз және өзен көлiктерi кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметiн бақылау және ұйымдастыру функцияларын атқару, сондай-ақ көлiк қызметiнiң нарығын құруға, мемлекеттiң және тұтынушылардың мүдделерiн қорғауға бағытталған заңдардың, қаулылардың және басқа нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлеу жүктелсiн. 
       2. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң орталық аппаратының құрамында Автомобиль көлiгiнiң департаментi мен темiр жол көлiгiнiң департаментi болып аталсын, орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi нығайтылып, оның шектi саны 50 адамға көбейтiлсiн. Қосымша түрде министрдiң бiр орынбасарының лауазымы енгiзiлсiн. 
       3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi туралы жаңа Ереженi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын, автомобиль көлiгiнiң департаментi мен су көлiгiнiң департаментi туралы ережелердi бекiтетiн болсын. 
       4. Темiр жолдардың, Қазақ азаматтық авиация басқармасының бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды, темiр жол бөлiмшелерiнiң, темiр жол көлiгi мен азаматтық авиация зауыттарының, көлiктiң дербес жобалау және оқу институттарының, нөмiрлi автоколонналардың, құрамында нөмiрлi автоколонналар бар автокөлiк кәсiпорындарының бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi тағайындайды, ал олардың орынбасарларын - Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң келiсiмiмен аталған басшылар тағайындайды деп белгiленсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi, Өнеркәсiп министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, "Қазавтокөлiк" концернi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, бiр ай iшiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазавтокөлiк" Қазақ мемлекеттiк автокөлiк концернi мен республиканың автомобиль жасау және автомобиль жөндеу өнеркәсiбiн ұйымдастыру туралы қаулысының жобасын ұсынсын. 
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы темiр жол транспортының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 20 ақпандағы N 129 қаулысының 7-тармағындағы "Алматы темiр жол басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының транспорт кешенiн басқаруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 3 ақпандағы N 90 қаулысының 5-тармағындағы бiрiншi абзацтың күшi жойылды деп саналсын. 

    Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады