1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Республикалық валюта қорынан кiру жарнасы төлеу үшiн 69200 швейцар франкi және 1992 жылға мүшелiк жарна төлеу үшiн 1900 швейцар франкi мөлшерiнде валюталық қаражат бөлсiн;
- Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi табыс еткен реквизиттер бойынша аталған соманы Интерполдың есебiне аударуды қамтамасыз етсiн;
- жыл сайын Интерполға мүшелiк жарнаны және есiрткiнiң заңсыз айналымымен күрес жөнiндегi аймақтық шараларға жыл сайынғы мүшелiк жарнаның 20 процентi мөлшерiндегi қосымша жарнаны төлеуге 1993 жылы және одан кейiнгi жылдары Республикалық валюта қорынан шетел валютасымен қажеттi қаражат қарастыратын
болсын. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi министрлiктiң орталық аппараты үшiн көзделген қолда бар штат саны мен қаржы шегiнде министрлiктiң құрылымында штат саны 12 адамнан тұратын Интерполдың Ұлттық орталық бюросын (ҰОБ) құратын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi