"Акциз туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1992 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден тысқары жерлерден әкелiнетiн импортталатын тауарларға салынатын акциз ставкалары 1993 жылғы 1 тамыздан бастап қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
Аталған тауарлар бойынша акциз төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес анықталатын кәсiпорындар, ұйымдар болып табылады.
Аталған тауарлар бойынша салық салу объектiсi Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына сәйкес анықталатын кедендiк
құн болып табылады.
Жоғарыда көрсетiлген тауарлар бойынша акциз төлеу кедендiк
баж салығын төлеумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Акциздер төлеудiң
мерзiмiн кейiнге қалдыруға болмайды.
Акциздердiң тағайындалуы мен төленуiне бақылауды Қазақстан
Республикасының салық және кеден органдары жүзеге асырады.
Ескерту. Бiрiншi тармақтың бiрiншi абзацының күшi
жойылды деп танылсын - ҚРМК-нiң 1994 ж.
24 мамыр, N 556 қаулысы).
1-тармақтың бiрiншi абзацы iшiнара күшiн жойған -
ҚРМК-нiң 22.06.1994 ж. N 701 қаулысымен.
1-тармақтың 2 абзацынан сөздер алынып тасталған,
4 абзац сөйлеммен толықтырылған және 1-тармақ
жаңа абзацпен толықтырылған - ҚРМК-нiң 15.11.1993 ж.
N 1126 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика
министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен
бiрлесiп 1993 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн нормативтiк актiлерге
тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 27 шiлдедегi
N 644 қаулысына
Қосымша
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше - мемлекеттерден
тысқары жерлерден әкелiнетiн импортталатын тауарларға
салынатын
Акциз ставкалары
(Кесте)