Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Құнды стандартты мех түрлерiнiң тiзбесi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 2. Жоғары сортты қарақөл елтiрiлерiнiң тiзбесi N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы құнды мех түрлерiнен жасалған бұйымдарға акциз төлеттiру кезiнде осы қаулыны басшылыққа алсын. 4. Осы қаулы 1993 жылғы 1 тамыздан бастап күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 шiлдедегi N 645 қаулысына N 1 қосымша Құнды стандартты мех түрлерiнiң Тiзбесi Кәмшат терiсi Теңiз мысығы терiсi Қара-қошқыл түлкi терiсi Қара күзен терiсi Ақ және көгiлдiр түлкi терiсi Құндыз терiсi Сусар терiсi Бұлғын терiсi Жоғары сортты қаракөл елтiрiсi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 шiлдедегi N 645 қаулысына N 2 қосымша Жоғары сортты қаракөл елтiрiсiнiң Тiзбесi Жоғары сортты қаракөл елтiрiсiне жақсы өңделiп, боялған, ақаусыз үлкен көлемдi, түсi мен сорты төмендегiдей елтiрi жатады: Таза тұқымды қара қаркөл Бiрiншi сорт оның iшiнде: сорты таңдаулы бiрiншi жакет - "П" таңдаулы бiрiншi жакет - "Е" бiрiншi жакет - "ПП" бiрiншi жұқа қабырғалы бұйралы - "Т" бiрiншi жұқа жазық - "С" Таза тұқымды көк қаракөл Бiрiншi сорт оның iшiнде бiрiншi жакет үлгiсiндегi жартылай шеңберлi Таза тұқымды сұр қаракөл Бiрiншi сорт оның iшiнде: жартылай шеңберлi бұйралы Таза тұқымды қаракөлше Бiрiншi сорт оның iшiнде қара, көк және сұр түстi
Құнды мех түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 27 шiлде N 645. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.14. N 974 қаулысымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз