1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Өнеркәсiп министрлiгi мемлекеттiк басқарма органдарын жарақтандыру үшiн ұйымдастыру iсiнiң техникасын және компьютерлер алуға базалық салалар кәсiпорындары есебiнен 4 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде валютамен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
2. Кәсiпорындардың сатып алынған компьютерлiк техникаға төлеу есебiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Өнеркәсiп министрлiгiмен келiсiлген сомада валюта аударуына рұқсат берiлсiн.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi
кәсiпорындардың тiзбесiн және аударылатын валютаның көлемiн әзiрлесiн. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Жекешелендiру" республикалық ақпараттық-есептеу жүйесiн жасауға берiлген техникалық тапсырмаға сәйкес сатып алынған техниканы мемлекеттiк басқару органдарына бөлiп берсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi