Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiне көлiк, тұрғын үй-тұрмыстық, медициналық және басқа қызмет көрсету тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 3 тамыз 1993 ж. N 664. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерi мен Төтенше және Өкiлеттi Өкiлдерiне қызмет көрсетудi реттеу мен жүйелеу мақсатында және шетелдермен қарым-қатынаста олар атқаратын өкiлдiк функциялардың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Төтенше және Өкiлеттi Елшiлер мен Төтенше және Өкiлеттi Өкiлдер Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы және Алматы қалалық әкiмшiлiгi арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етiледi. 
      2. Төтенше және Өкiлеттi Елшiлер мен Төтенше және Өкiлеттi Өкiлдер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң емханасына тiркелсiн. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi Төтенше және Өкiлеттi Елшiлер мен Төтенше және Өкiлеттi Өкiлдердi және олардың зайыптарын санаторийлер мен демалыс үйлерiне берiлетiн жолдамалармен үкiмет мүшелерi үшiн белгiленген тәртiппен қамтамасыз ететiн болсын. 
      3. Төтенше және Өкiлеттi Елшiлер мен Төтенше және Өкiлеттi Өкiлдерге Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасының автомобиль шаруашылығы қызмет көрсетедi деп белгiленсiн. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне осы мақсаттарға қажеттi ақша қаражатын бөлетiн болсын.<*> 
       Ескерту. 3-тармағының екiншi абзацы жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 29.04.1994 ж. N 451 қаулысымен .
      4. Төтенше және Өкiлеттi Елшiлер мен Төтенше және Өкiлеттi Өкiлдер отбасыларымен бiрге Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасының тұрмыстық қызмет көрсету жүйесiне үкiмет мүшелерiне қызмет көрсету шарттарына сай бекiтiлсiн. 

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады