Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер, олардың қосылыстары бар және мемлекеттiк резервте сақтаулы өнiмдi халық шаруашылығының мүддесi үшiн пайдалану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 тамыз 1993 ж. N 674. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер, олардың қосылыстары бар және мемлекеттiк резервте сақтаулы өнiмдi халық шаруашылығының мүддесiне тиiмдi пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Мемлекеттiк резервте сақтаулы өнiмнiң химиялық құрамы туралы мәлiметтерден қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес құпиялылық белгiсi алынсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi: 
      мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдарымен және кәсiпорындармен бiрлесiп шетел фирмалары мен тұтынушылардан сатып алуға тапсырыстар түсiп жатқан осы өнiмдi экспорттауға әзiрлiк жұмысын және оны еркiн айналымдағы валютаға экспортқа шығару iсiн қамтамасыз етсiн; 
      Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп аталған өнiмдi экспортқа әзiрлеуге және жөнелтуге байланысты шығындарды өтеу жолдары туралы ереженi талдап жасап, бекiтсiн.
       ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.    N 1031 қаулысымен.  P961031_  
      3. Аталған өнiмнiң экспортынан түсетiн валюта түсiмi Республикалық валюта қорына жiберiледi деп белгiленсiн.
     (4-тармақ) <*>
     Ескерту. 4 тармағының күшi жойылған - ҚРМК-нің 1994.11.02. N 1219 қаулысымен.  

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы        
Министрлер Кабинетiнiң        
1993 жылғы 5 тамыздағы        
N 674 қаулысына           
Қосымша                

        Мемлекеттiк резервте сақтаулы химиялық құрамы туралы 
        мәлiметтерден құпиялық белгiсi алынатын өнiмнiң
                           Тiзбесi      

     Церий қос тотығы
     Торий қос тотығы
     Самарий тотығы
     Лантан тотығы
     Европий тотығы
     Празеодим тотығы
     Ниобий бес тотығы
     Неодим тотығы
     Гадолиний тотығы
     Скандий тотығы
     Штабиктегi ниобий
     Құйма ниобий
     Аммоний қышқылды рений
     Таллий
     Индий
     Теллур
     Галлий (металл түрiнде)
     Тантал
     Бериллий (металл түрiнде)
     Вольфрам концентраты
     Молибден концентраты
     Цезий концентраты
     Бериллий концентраты
     Тантал концентраты
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады