Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бельгия Корольдiгiнде Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы" 1993 жылғы 15 сәуiрдегi N 1182 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Бельгия Корольдiгiндегi Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны 21 адам, жылдық жалақы қоры 265302 АҚШ доллары болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы айына 1700 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы Бельгия Корольдiгiндегi Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шет ел валютасымен алатын жалақысына қарай штаттық кестеге сәйкес белгiленсiн.
3. Жұмысының айрықша маңызы мен көлемiнiң үлкендiгi ескерiлiп, Бельгия Корольдiгiндегi Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына оның шет ел валютасымен алатын жалақысының 20 процентi мөлшерiнде үстеме белгiленсiн.
4. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге аударылатын қаржы олардың АҚШ долларымен алатын жалақы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
5. Бельгия Корольдiгiндегi Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң шығыс сметасы 1993 жылдың екiншi жартысына 633,7 мың АҚШ доллары және 30120,7 мың сом мөлшерiнде бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсатқа 1993 жылға республикалық бюджетте және республикалық валюта қорында көзделген қаржыны тоқсан сайын бөлiп отырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Бельгия Корольдiгiндегi Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң мәселелерi
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 6 тамыз 1993 ж. N 681
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз