Ақтау қаласында Маңғыстау өнер училищесiн ашу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 тамыз 1993 ж. N 694

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi мен Маңғыстау облысы әкiмiнiң 1993 жылдан бастап Ақтау қаласында Маңғыстау өнер училищесiн ашу туралы Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Маңғыстау облысы әкiмiнiң осы мақсатқа 1993\94 оқу жылынан бастап облыс бюджетiнен қаржы бөлiп, училищенi тиiстi нормативтерге сәйкес материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынысы мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi училище құрылымын, мамандықтардың номенклатурасын, оқу мерзiмiн анықтасын, оқу орнын педагог кадрлармен және мамандармен толықтыруда көмек көрсетсiн.

       Қазақстан Республикасының
           Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады