Жиhаз және орман өнеркәсiбiнде мемлекет қатысатын "Жиhаз" холдинг компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 26 тамыз N 737. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.25. N 758 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн және орман және ағаш өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары нарықтық қатынастарға кiруiне жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың, акционерлiк қоғамдардың құрамында мемлекет қатысатын "Жиhаз" холдинг компаниясын құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн әзiрлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңда белгiленген тәртiппен Компанияның құрамына енгiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын Компанияға беретiн болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерлендiру дәрежесiне қарай акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алудың және жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында (II кезең) көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялардың пакеттерiнен басқасы, Компанияға берiлсiн.
      3. "Жиhаз" холдинг компаниясы "Қазжиhазорманөнеркәсiп" жиhаз және орман өнеркәсiбi концернiнiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқылы мирасқоры болып табылады деп белгiленсiн.
      Компанияның басқармасы Алматы қаласында таратылатын "Қазжиhазорманөнеркәсiп" концернiнiң алаңында орналасады.
      4. Компанияны құрудың және оның қызметiнiң негiзгi мақсаты орман және ағаш өңдеу өнеркәсiбiн дамыту, өндiрiстi көп салалы ету мен коммерцияландыру деп анықталсын және оған:
      оның құрамына кiретiн кәсiпорындардың қызметiн үйлестiру;
      орман және ағаш өңдеу өнеркәсiбiн дамытудың, халық тұтынатын тауарлар шығарудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысу;
      Компанияға кiретiн кәсiпорындарды жаңғырту үшiн шетелдiк инвестицияларды тарту және пайдалану, жаңа объектiлердi салу;
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен бiрлесiп орман және ағаш өңдеу өнеркәсiбi саласына ғылыми-техникалық әзiрлемелердi енгiзу мен орындау жөнiндегi бiрыңғай саясатты жүргiзу;
      айналадағы ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
      орталықтандырып кадрлар даярлау мен Компания кәсiпорындары мамандарының бiлiктiлiгiн көтерудiң тиiмдi жүйесiн жасау жүктелсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
министрлiгiмен, "Қазжиhазорманөнеркәсiп" концернiмен бiрлесiп бiр
айлық мерзiмде Компанияның мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жұмысын
аяқтау және құрылтай құжаттарын бекiту тапсырылсын.
     6. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазжиhазорманөнеркәсiп"
мемлекеттiк жиhаз және орман өнеркәсiбi концернiнiң мәселелерi"
деген 1991 жылғы 9 желтоқсандағы N 776 қаулысының күшi жойылған
деп саналсын.
            Қазақстан Республикасының 
                Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң   
                                       1993 жылғы 26 тамыздағы
                                           N 737 қаулысына
                                            Қосымша
            Мемлекет қатысатын "Жиhаз" холдинг компаниясының
                  құрамына кiретiн кәсiпорындардың 
                         Тiзбесi
     "Арай" ұжымдық кәсiпорны, Павлодар қаласы
     "Карагандамебель" акционерлiк қоғамы, Қарағанды қаласы
     "Жиhаз" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы
     "Сыр-Жиhаз" акционерлiк қоғамы, Қызылорда қаласы
     "Щучинскмебель" акционерлiк қоғамы, Щучинск қаласы
     "Шаңырақ" акционерлiк қоғамы, Үштөбе қаласы
     "Казлес" акционерлiк қоғамы, Өскемен қаласы
     "Усть-Кам ДВП" акционерлiк қоғамы, Өскемен қаласы
     "Лениногорский ЛПХ" акционерлiк қоғамы, Лениногор қаласы
     "Арман" өндiрiстiк жиhаз бiрлестiгi, Ақмола облысының 
Шортанды поселкесi
     Қостанай жиhаз пабрикесi, Қостанай қаласы
     Ламинирлеу зауыты, Малеевск қаласы

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады