Автомобиль жасау және автомобиль жөндеу өндiрiсi жөнiндегi мемлекеттiк "Желдiрме" холдинг компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 27 тамыз N 738. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995.12.21. N 1825 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн және халық пен халық шаруашылығының автобус, жүк таситын автомобильдерге деген сұранымын қанағаттандыру мен автожөндеу өндiрiс тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Автомобиль жасау және автомобиль жөндеу өндiрiс жөнiндегi мемлекеттiк "Желдiрме" холдинг компаниясы құрылып, ол қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың құрамына енгiзiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Желдiрме" компаниясына кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ бұрын құрылған, компания құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқын табыстасын;
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерленуiне қарай, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тарататыннан басқа, акционерлiк қоғамдар жасаған акциялар пакетiн оның иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берсiн.
      Мемлекеттiк "Желдiрме" холдинг компаниясына ерiктiлiк ұстанымымен мүдделi басқа да кәсiпорындар, ұйымдар және шетел фирмалары қатысушы бола алады.
      Компанияның атқарушы органының орналасқан жерi Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 458-үй болып белгiленсiн.
      2. Мемлекеттiк "Желдiрме" холдинг компаниясы:
      "Қазавтокөлiк" концернiнiң ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындары бойынша шаруашылық-қаржы қызметi, әскери-жұмылдырушылық жұмысы және азаматтық қорғаныс жөнiндегi құқылы мұрагерi болып табылады;
      оның дербес балансы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар, заңды ұйым болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде iс-қимыл жасайды.
      Компания басшылығын тағайындау мен бекiту Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру барысында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" жөнiндегi 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. "Желдiрме" компаниясына:
      өз құрамына кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдардың және акционерлiк қоғамдардың қызметiн үйлестiру;
      Компания құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдар, кәсiпорындар мен ұйымдар қызметiнде мемлекет мүддесiн сақтауға бақылау жасау;
      республиканың автомобиль жасау саласын қолдау мен дамытуға бағытталған, соның iшiнде шетелдiк инвесторларды тарта отырып, бiрыңғай кредит және инвестиция саясатын әзiрлеу мен жүзеге асыру;
      қаржы ресурстарын шоғырландыру, оларды тиiмдi пайдаланудың стратегиясы мен оңтайлы жағдайларын белгiлеу;
      өндiрiстiң рентабельдiлiгiн, iшкi және сыртқы нарықта өнiм мен қызмет көрсетудiң бәсекеге төтеп беру қабілетiн арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      автомобиль өндiрiс кәсiпорындары мен ұйымдары арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты және автокөлiк құралдарын берiп тұруды мемлекеттiң мұқтажын қамтамасыз ету;
      Компанияға қатысушыларға, сондай-ақ басқа да мүдделi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге делдалдық қызмет көрсетудiң алуан түрлерi мен нысандарын орындау;
      республикада автокөлiк құралдарын күрделi жөндеу мен оларға сервистiк қызмет көрсетудi дамыту мен жетiлдiрудi қамтамасыз ету;
      жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу үшiн автокөлiк құралдарына, арнайы жабдықтарға, приборлар мен аспаптарға, сондай-ақ тұтынылатын пайдалану материалдарына техникалық-пайдалану талаптарын әзiрлеуге қатысу жүктеледi.
      4. Мемлекеттiк "Желдiрме" холдинг компаниясына Көлiк пен байланыстың Ұлттық бағдарламасының Қазақстан Республикасында автокөлiк құралдары өндiрiсiн, жөндеу жүйесiн және сервистiк қызмет құру жөнiндегi бөлiмiн әзiрлеу тапсырылсын.
      5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

     Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Автомобиль транспорты 
жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк "Қазавтотранс" концернiн құру туралы"
1990 жылғы 29 желтоқсандағы N 582 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж.,
N 6, 45-бап);
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Автомобиль 
жасау және автокөлiк акционерлiк корпорациясын құру туралы" 
1992 жылғы 20 қазандағы N 885 қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ, 1992 ж., N 40, 603-бап).
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 27 тамыздағы
                                            N 738 қаулысына
                                             Қосымша
            Мүлкi немесе акциялардың мемлекеттiк пакетi
       "Желдiрме" холдинг компаниясына берiлетiн мемлекеттiк
              кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың
                          Тiзбесi
                             (Кесте)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады