Қазақ азаматтық авиация басқармасын қайта құру және "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиокомпаниясын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 27 тамыз 1993 ж. N 741

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 U931291_ Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақ азаматтық авиация басқармасы қайта құрылып, мемлекеттiк пайдаланудағы авиакәсiпорындар мен құрылымдық бөлiктер негiзiнде (қосымшаға сәйкес) кәсiпорындық мәртебесi және заңды ұйым құқы бар "Қазақстан әуе жолы" ("KAZAKHSTAN AIRLINES" - 8585 құжаттың 85 тiркеу бабы) Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы (бұдан былай Компания) құрылсын.
      2. Былай деп:
      Компания Қазақстан Республикасының әуе тасымалдарына, авиациялық жұмыстар мен қызметтерге, сондай-ақ әскери-жұмылдыру жұмыстары мен азаматтық қорғанысқа мұқтаждығын қамтамасыз етуде Қазақ азаматтық авиация басқармасының құқықтық мұрагерi болып табылады;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы қызметiн басқаруды жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 53 қаулысына сәйкес Қазақ азаматтық авиация басқармасына жүктелген мемлекеттiк басқару қызметтерiн атқару мiндетi Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң орталық аппараты құрамында Азаматтық авиация департаментi құрылып, аталған қызметтер оған тапсырылғанға дейiн Компанияда сақталады деп белгiленсiн.
      Компанияны президент басқарады.
      Компанияны акцияландыру Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993 - 1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына сәйкес жүргiзiледi;
      азаматтық авиацияның дербес кәсiпорындарын, ұйымдары мен мекемелерiн (Алматы қаласындағы N 405 азаматтық авиация жөндеу зауыты мен Ақтөбе қаласындағы N 406 азаматтық авиация жөндеу зауыты; Ақтөбе жоғары азаматтық авиация ұшқыштары училищесi) мемлекеттiк басқару мiндетi Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiне жүктеледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.11.17.
               N 1594 қаулысымен. P971594_
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен Компанияны құру құжаттарын бекiтетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiмен, "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясымен бiрлесе отырып:
      үш ай мерзiм iшiнде азаматтық авиация кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң меншiгiндегi мемлекеттiк мүлiктiң тiзiмдерiн қайта қарап, осы мүлiктердi иелену, пайдалану және басқару құқыларын жүзеге асыратын органдарды анықтайтын болсын;
      1994 жылдың 1 ақпанына дейiн Компанияны мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң кезеңдiк қайта ұйымдастыру шараларын экономикалық тұрғыдан негiздей отырып жеке жобасын жасайтын болсын, сонымен бiрге мына жәйттер:
      - әуе қозғалысын басқарудың Бiртұтас мемлекеттiк жүйесiн құру мен қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында Компаниядан әуе қозғалысын басқару қызметтерi бөлiнiп, олардың негiзiнде мемлекеттiк аэронавигациялық қызметiн - "Мемаэронавигацияны" құру;
      - ұлттық авиатасымалдаушы - мемлекеттiк акционерлiк көлiк авиакомпаниясын құру;
      - кiшi авиация бөлiмшелерi негiзiнде ауыл және орман шаруашылықтарында жұмыс iстейтiн, басқадай қызметтер көрсететiн мемлекеттiк емес мамандандырылған акционерлiк авиакомпаниялар құру мүмкiндiгi;

     -әуежайлардың бөлiнуi және олардың негiзiнде дербес шаруашылық
кешендерiн құру мүмкiндiгi қарастырылсын.
     5. Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 3 желтоқсандағы
"Қазақ КСР территориясындағы азаматтық авиация қызметiн қамтамасыз
ету мәселелерi" жөнiндегi N 760 қаулысының күшi жойылды деп
саналсын.    

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi 
                                             Қазақстан Республикасы
                                             Министрлер Кабинетiнiң
                                             1993 жылғы 27 тамыздағы
                                                 N 741 қаулысына
                                                   қосымша

            Ұлттық "Қазақстан әуе жолы" акционерлiк
     авиакомпаниясының құрамына кiретiн кәсiпорындардың
                          ТIЗIМI
     
     Алматы ұшу-техникалық кешенi
     Ақмола бiрлескен авиация отряды
     Ақтөбе бiрлескен авиация отряды
     Арқалық бiрлескен авиация эскадрильясы
     Атырау бiрлескен авиация отряды
     Алматы әуежайы
     Балқаш әуежайы
     Боралдай бiрлескен авиация отряды
     Жамбыл бiрлескен авиация отряды
     Жезқазған бiрлескен авиация эскадрильясы
     Қарағанды бiрлескен авиация отряды
     Қызылорда бiрлескен авиация отряды  
     Көкшетау бiрлескен авиация отряды
     Қостанай бiрлескен авиация отряды
     Маңғыстау бiрлескен авиация отряды
     Павлодар бiрлескен отряды
     Петропавл бiрлескен авиация отряды
     Семей бiрлескен авиация отряды
     Талдықорған бiрлескен авиация отряды      
     Өскемен бiрлескен авиация отряды
     Орал бiрлескен авиация отряды
     Шымкент бiрлескен авиация отряды
     Алматыдағы оқу-жаттығу орталығы
     Ақтөбедегi оқу-жаттығу орталығы
     Алматыдағы Әуе қатынасының бас агенттiгi
     Алматыдағы материалдық-техникалық жабдықтау бөлiмi
     Алматыдағы азаматтық авиация Құрылыс-монтаждау басқармасы    
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады