Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" Ұлттық акционерлiк компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1993 жылғы 31 тамыз N 752. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.02.24. N 130 қаулысымен. ~P980130

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындарының Қазақ мемлекеттiк корпорациясы Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" Ұлттық акционерлiк компаниясы (бұдан былай - "КАТЭП" ҰАК) болып қайта құрылсын.<*> 
      "КАТЭП" ҰАК атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындарының Қазақ мемлекеттiк корпорациясының заңды мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн. 
      "КАТЭП" ҰАК өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырушы жабық түрдегi акционерлiк компаниясы болып табылады деп белгiленсiн. 
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
               1996.11.22. N 1430 қаулысымен.  P961430_  
      2.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.11.22. N 1430 
               қаулысымен. 
      3. Сыртқы нарықта демпинг процестерiне жол бермеу үшiн "КАТЭП" ҰАК-на өндiрiлетiн уран, сирек кездесетiн және сирек металл өнiмдерiн сыртқы нарыққа шығару бойынша мемлекеттiк экспорттаушы құқығы берiлсiн, компанияға аталған өнiм түрлерiн шығаруға, өндiруге және сатуға бақылау жасау, өнiм өндiрушi кәсiпорындар арасында жөнелтiлiм жөнiндегi квоталарды бөлу, аталған материалдарды экспортқа жiберудi лицензиялауға қатысу жүктелсiн. Экспорттаушы құқығы: 
      ядролық материалдарды, жабдықтарды, стратегиялық минералдық шикiзатты және технологияларды пайдалану туралы МАГАТЭ-нiң және басқа да халықаралық келiсiмдердiң ережелерi мен принциптерi орындалған; 
      ядролық материалдарды, жабдықтарды, стратегиялық минералдық шикiзатты және технологияларды өндiру мен сатудың есебi уран жөнелту туралы халықаралық ережелер мен нормаларға, демпингке қарсы мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкес ұйымдастырылған; 
      шетелдiк әрiптестермен ынтымақтастық және ядролық материалдар сату жөнiнде жыл сайын (немесе ұзақ мерзiмдi контрактылар қолданылатын мерзiм бойына) шарттар жасасылған ретте берiледi.
     Осы мақсатта "КАТЭП" ҰАК-сы аталған өнiмдердi жөнелту жөнiнде кәсiпорындардың шетелдiк тұтынушылармен бұрын жасасылған контрактыларын қайта қарауды қамтамасыз етiп, оларды осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
     Ескерту. 3-баптың 1 абзацы "КАТЭП" Ұлттық акционерлiк
              компаниясына өндiрiлетiн уран, сирек және сирек
              кездесетiн металдар өнiмдерiн мемлекеттiк
              экспорттаушы, аталған өнiм түрлерiн сатуға бақылау
              жасау және аталған материалдарды экспортқа берiп
              тұруды лицензиялауға қатысу құқығын беруге қатысты
              бөлiгiнде күшiн жойған деп танылсын - ҚРМК-нiң
              1994.03.14. N 260 қаулысымен. 
     4.<*>
     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.11.22.
              N 1430 қаулысымен. 

     5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi:
     бiр айлық мерзiмде белгiленген тәртiп бойынша "КАТЭП" ҰАК-сын құрсын.<*>
     6.<*>
     7.<*>
     8.<*>
     9.<*>
     ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 3,4,5,6-абзацтары және 6,7,8,9-тармақтар
              күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.11.22. N 1430 қаулысымен.
 
      10. Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" Ұлттық акционерлiк компаниясының Басқармасы Алматы қаласында, "Волковгеология" кәсiпорнының үйiнде орналастырылсын. 
      11. Мемлекеттiк басқару органдары, жергiлiктi әкiмдер "КАТЭП" ҰАК-ның және оның құрамына кiретiн кәсiпорындардың қызметiне байланысты мәселелердi жедел түрде шешуге көмектессiн. 
      12. "Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындарының Қазақ мемлекеттiк корпорациясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 12 ақпандағы N 111 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 5, 94-бап) күшi жойылған деп саналсын. 

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады