"Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 7 қыркүйек N 837. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.08.04. N 1081 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн, агроөнеркәсiптiк кешен экономикасын тұрақтандыру, жекешелендiрудi кең ауқымда қамтуға барынша қолайлы жағдай жасау және ауыл шаруашылығына материалдық-техникалық қызмет көрсету процесiн мемлекеттiк реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Агроөнеркәсiптiк кешендi материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi Қазақ Республикалық бiрлестiгiнiң (бұдан әрi "Қазагроөнеркәсiптехникасы" РБ) кәсiпорындары мен ұйымдарының негiзiнде қосымшаға сәйкес "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi Компания) құрылсын.
      2. Компания "Қазагроөнеркәсiптехникасы" РБ-нiң мүлiктiк құқы мен мiндетiнiң заңды мұрагерi болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияға белгiленген заңға сәйкес Компания құрамына кiретiн, бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн.
      4. "Қазагроөнеркәсiптехникасы" РБ-i жүйесiнiң облыстық өндiрiстiк бiрлестiктерi негiзiнде аумақтық мемлекеттiк акционерлiк компаниялар құрылсын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне аумақтық мемлекеттiк акционерлiк компаниялардың тиiстi акциялар пакетiн "Кең дала" компаниясына беру тапсырылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Компаниямен бiрлесе отырып 1993-1995 жылдарға арналған (II-кезең) мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi Ұлттық бағдарламаға және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығына сәйкес Компания құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн қайта құруды жүзеге асыру тапсырылсын. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акционерлендiрген жағдайда құрылатын акционерлiк қоғамдарды, белгiленген тәртiппен сатылатын акциялар пакетiн басқа, мемлекеттiк акциялар пакетiн Компанияға иеленуге, пайдалануға және басқаруға берсiн.
      6. Компанияға мынадай қызметтердi орындау:
      халық шаруашылығының барлық саласын ауыл шаруашылық машиналарымен, автотрактор техникаларымен және оларды қосалқы бөлшектермен жабдықтау;
      шартты негiзде кәсiпорындарға, ұйымдарға, халыққа өндiрiстiк, сауда-делдалдық және коммерциялық iсте қызмет көрсету;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесе отырып ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлерге өндiрiстiк-техникалық қызмет көрсету, материалдық-техникалық және шикiзат ресурстарымен қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк

бағдарламаларды әзiрлеп, жүзеге асыру жүктелсiн.
     7. "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы заңды ұйым
болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдары, өз Жарғысы
негiзiнде iс әрекет етедi және республикалық агроөнеркәсiп
кешенiнiң құрамына кiредi.
            Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi  
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 7 қыркүйектегi
                                           N 837 қаулысына
                                            Қосымша 
<*>

            "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк
        компаниясының кәсiпорындары мен ұйымдарының
                             Тiзбесi
-------------------------------------------!-------------------------
          Атауы                            ! Меншiк нысаны
-------------------------------------------!-------------------------
Материалдық-техникалық жабдықтау жөнiндегi
Республикалық база                                 мемлекеттiк
Республикалық комплектiлеу базасы                  мемлекеттiк
"Қайнар" өндiрiстiк бiрлестiгi, Талдықорған 
қаласы                                             мемлекеттiк
Бас есептеу орталығы                               мемлекеттiк
Алматы құрылыс-монтаж басқармасы                   мемлекеттiк
Республикалық оқу орталығы                         мемлекеттiк
Қазақ республикалық "Қазагроөнеркәсiпэнерго" 
ведомствоаралық концернi                           мемлекеттiк
Мамандандырылған автокөлiк кәсiпорны               мемлекеттiк
"Қайнар" коммерциялық банкi                        мемлекеттiк
"Айдос" қоғамдық тамақтандыру кәсiпорны            мемлекеттiк
"Агрожөнэнергоналадқа" шаруашылықаралық
өндiрiстiк бiрлестiгi                              мемлекеттiк
Қазақ "Қазанқызметкөрсету" мамандандырылған
басқармасы                                         мемлекеттiк
"Қазагроөнеркәсiпжылуэнергия" агроөнеркәсiп 
корпорациясы                                       мемлекеттiк
Жамбыл тәжiрибе-механикалық заводы                 мемлекеттiк
"Ордабасы" сауда үйi, Шымкент қаласы               мемлекеттiк
Қазақпаратагроөнеркәсiп                            мемлекеттiк

     Ескерту. Тiзiмнен "Қазақстан" сыртқы экономикалық ассоциациясы
              алынып тасталған - ҚРМК-нiң 13.06.1994 ж. N 624
              қаулысымен.

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады