"Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегі N 852 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк холдинг компаниялары туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1138 қаулысын,  Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау және республика экономикасының мұнай-газ секторында ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақстанмұнайгаз" ұлттық мұнай компаниясы негiзiнде "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай "Мұнайгаз" компаниясы) құрылсын.
      2. "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы қайта құрылатын "Қазақстанмұнайгаз" Ұлттық компаниясының мүлiктiк құқығы мен мiндеттерiнiң құқылы мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында "Мұнайгаз" компаниясына оның еншiлес акционерлiк қоғамдарының:
      Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсiбiн дамыту;
      көмiр сутегi шикiзатын iздестiру, барлау, өндiру, тасымалдау, өңдеу мен өткiзу;
      Қазақстан Республикасының, ТМД мемлекеттерiнiң мұнай-газ өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары мен шет ел фирмалары арасындағы қаржы-шаруашылық байланыстарын реттеу және дамыту;
      жалпы мемлекеттiк маңызы бар мұнай-газ кешенiнiң объектiлерiн салу, жобалау және жүргiзiлуiн қамтамасыз ету белгiленген тәртiппен сараптама жасау және жобаларды бекiту, сондай-ақ оларды пайдалану;
      өндiрiстi көп салалы етiп өркендету;
      озық технологияларды енгiзуге, республиканың мұнай-газ өнеркәсiбi мен мұнайлы аймақтарын тиiмдi әрi кешендi дамытуға бағытталған құрылымдық, кредит, инвестиция саясатын оңтайлы ету;
      көмiр сутегi шикiзатын берiп тұру және оның экспорты жөнiндегi белгiленген тәртiппен келiсiлген өндiрiстiк бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттiң мұқтаждары үшiн және үкiметаралық келiсiмдер бойынша мұнай, газ және мұнай өнiмдерi берiлiп тұруын бақылауды ұйымдастыру;
      көмiр сутегi шикiзатын барлау, өндiру және оны экспортқа шығару құқығына лицензиялар беру туралы ұсыныс әзiрлеу мәселелерiндегi iс-әрекетiн үйлестiру жүктелсiн.
      Ескерту. 3-тармақтың бесiншi абзацы сөздермен толықтырылған - ҚРМК-нiң 1994.12.08 N 1395 Қаулысымен.
       4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, "Қазақстанмұнайгаз" компаниясымен бiрлесiп, бiр айлық мерзiмде осы қаулыға қосылған тiзбеге сәйкес бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың құрамында "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру жөнiндегi құжаттар пакетiн қабылдап, "Мұнайгаз" компаниясының құрамына кiретiн мұнай-газ кешенiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын Компанияға табыстауды көздейтiн болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындардың акционерлендiрiлуiне қарай Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы шегiнде акционерлендiретiн Компанияның құрамына кiретiн мұнай-газ кешенi кәсiпорындарының акцияларының, мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататыннан басқасы, Компанияның иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлетiн болсын.
      5. "Мұнайгаз" компаниясының орналасатын жерi Алматы қаласы болып белгiленсiн.
      6. "Мұнайгаз" компаниясының басшыларын тағайындау мен бекiту Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процесiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" деген 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 P930606_ қаулысымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      7. Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң "Мұнай, газ барлау, өндiру, тасымалдау, өңдеу және мұнай өнiмдерiн өткiзу жөнiндегi "Қазақстанмұнайгаз" мемлекеттiк корпорациясы туралы" 1991 жылғы 24 шiлдедегi N 445 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 18, 121-бап) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 9 қыркүйектегi
                                           N 852 қаулысына
                                            Қосымша
 
          "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының
         құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың
                              Тiзбесi
 
       Мұнай мен газ өндiру "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiс бiрлестiгi, Ақтау-2 қаласы "Қаражанбастермнефть" тәжiрибе эксперименттiк мұнай-газ өндiру басқармасы, Ақтау қаласы "Теңiзмұнайгаз" өндiрiс бiрлестiгi, Атырау облысының Құлсары поселкесi "Ембiмұнай" өндiрiс бiрлестiгi, Атырау қаласы "Ақтөбемұнай" өндiрiс бiрлестiгi, Ақтөбе қаласы "Оңтүстiкқазмұнайгаз" өндiрiс бiрлестiгi, Қызылорда қаласы "Казнефтебитум" ғылыми-өндiрiс бiрлестiгi, Алматы қаласы
    Мұнай өңдеу
Атырау мұнай өңдеу зауыты, Атырау қаласы
Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Шымкент қаласы

     Мұнай көлiгi

"Южнефтепровод" өндiрiс бiрлестiгi, Ақтау қаласы
Қазақстан мен Орта Азия магистралды мұнай құбырлары өндiрiс
бiрлестiгi, Павлодар қаласы
Ақтөбе мұнай құбырлары басқармасы, Ақтөбе қаласы

     Геофизика

"Мангышлакнефтегеофизика" өндiрiс бiрлестiгi, Ақтау қаласы
"Эмбанефтегеофизика" кәсiпорны, Атырау қаласы
"Геоигiлiксервис" акционерлiк қоғамы, Атырау қаласы
"Мұнайгеофизика" акционерлiк қоғамы, Ақтөбе қаласы

     Фирмалар

"Қазақстанмұнайгаз" сыртқы экономикалық фирмасы, Алматы қаласы "Қазақстанмұнайгаз" көтерме сауда-делдалдық фирмасы, Алматы қаласы

      Инфрақұрылым кәсiпорындары Каспий маңындағы өндiрiстiк-техникалық байланыс басқармасы, Атырау қаласы Батыс Қазақстан өндiрiстiк-техникалық байланыс басқармасы, Ақтөбе қаласы Шығыс Қазақстан өндiрiстiк-техникалық байланыс басқармасы, Павлодар қаласы Каспий маңындағы монтаждау-реттеу басқармасы, Атырау қаласы Маңғышлақ монтаждау-реттеу басқармасы, Ақтау қаласы Маңғышлақ реттеу басқармасы, Ақтау қаласы Батыс Қазақстан инженерлiк-метрологиялық орталығы, Ақтау қаласы

      Машина жасау және жөндеу Петровский атындағы зауыт, Атырау қаласы "Казтяжпромарматура" өндiрiс бiрлестiгi, Өскемен қаласы "Нефтебурмашремонт" конторы, Маңғыстау облысының Маңғышлақ стансасы "Актюбнефтемашсервис", Ақтөбе қаласы Маңғышлақ электр-жөндеу зауыты, Ақтау қаласы

      Бақылау және қадағалау органдары Ашық мұнай мен газ фонтандарының алдын алу және тұмшалау жөнiндегi Қазақстандық әскерилендiрiлген бөлiмi, Атырау қаласы Мұнайгаз бас инспекциясы, Ақтөбе қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады