Петропавл темiр жол көлiгi техникумы мен Семей өзен флоты техникумының бағыныстылығы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 10 қыркүйек 1993 ж. N 860

      Темiр жол көлiгi мен өзен флотына кадрлар даярлайтын арнаулы орта оқу орындарын басқаруды жетiлдiре түсу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Көлiк министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Солтүстiк Қазақстан және Семей облыстарының әкiмдерiмен келiсiлген Петропавл темiр жол көлiгi техникумы иен Семей өзен флоты техникумын Бiлiм министрлiгiнiң қарамағынан алып Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң тiкелей бағыныстылығына беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен Петропавл темiр жол көлiгi техникумы мен Семей өзен флоты техникумын Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң қарамағына беретiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi республиканың Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып Семей өзен флоты техникумына 1993 жылдың төртiншi тоқсанына бөлiнген қаржыны Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiне беретiн болсын.

        Қазақстан Республикасының
            Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады