Темiржол көлiгiмен жүк және жолаушы тасымалдауға арналған тарифтер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 қыркүйектегі N 861 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң темiржол көлiгiмен жүк және жолаушы тасымалдаудағы бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген:
      1993 жылғы 11 қыркүйек айынан бастап тарифтi көтерудiң шектi коэффициентiн (қосымша құн салығынсыз) жүктердi мемлекетаралық қатынаста тасымалдаудың қолданылып жүрген тариф деңгейiне 1,28 есе;
      1993 жылғы 15 қыркүйектен бастап жолаушыларды, жүктi және почтаны темiржол көлiгiмен тасымалдаудың (қала маңындағы қатынастан басқасы) шектi коэффициентiн қолданылып жүрген тариф деңгейiне 2,5 етiп белгiлеу туралы ұсынысы қабылдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады