"Қазэнергияқұрылысмонтаж" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 10 қыркүйек N 863. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.14. N 1725 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк холдинг компаниялары туралы 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1138 қаулысын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығына сәйкес экономиканы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру үшiн жаңа нарықтық құрылымдарды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазэнергияқұрылысмонтаж" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай - Компания) "Қазэнергияқұрылысмонтаж" мемлекеттiк корпорациясы мүлiгiнiң құқылы мұрагерi болып табылады деп анықталсын.
      2. Компания белгiленген тәртiп бойынша бiр ай мерзiмде Жарғыны қайта тiркейтiн болсын.
      Компанияның тұратын жерi Алматы қаласы болып анықталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi ұсынған, қосымшаға сәйкес Компанияның құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың, трестердiң, бiрлестiктер мен кәсiпорындардың тiзбесi құпталсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен:
      Компанияның құрылтай құжаттарын бекiтсiн;
      Компанияның құрамына енген акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын оған беретiн болсын;
      Компанияның құрамына енетiн, бiрақ мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процесiнен өтпеген мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн басқару құқығын табыстасын, ал олардың акционерлiк қоғамдарға айналуына қарай акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн иеленудi, пайдалану мен басқаруды Компанияға берсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен бiрлесiп, отын-энергетика кешенi дамуының ұлттық бағдарламасын әзiрлеу мен қалыптастыру кезiнде Компанияның өз кәсiпорындарының өндiрiстiк базаларын жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жөнiндегi ұсыныстарын қарастыратын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi "Қазэнергияқұрылысмонтаж" мемлекеттiк холдинг компаниясының аппаратын орналастыру үшiн белгiленген тәртiп бойынша 700 шаршы метр өндiрiстiк алаң бөлу туралы мәселенi шешсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi үстiмiздегi

жылы Компанияның өтiнiмi бойынша қажетiн қарастырып, қажеттi 
техникалық құралдармен, телефон және телекс байланысы арналарымен
қамтамасыз етсiн.
     8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Энергетика
объектiлерiн салу, энергетика жабдықтарын өндiру, монтаждау және
ретке келтiру жөнiндегi "Қазэнергияқұрылысмонтаж" мемлекеттiк
корпорациясы туралы" 1991 жылғы 12 қарашадағы N 693 қаулысының
күшi жойылған деп танылсын.

        Қазақстан Республикасының
           Премьер-министрi 
                                          Қазақстан Республикасы
                                          Министрлер Кабинетiнiң
                                        1993 жылғы 10 қыркүйектегi
                                             N 863 қаулысына
                                                қосымша

            "Қазэнергияқұрылысмонтаж" мемлекеттiк холдинг 
         компаниясының акционерлiк қоғамдарының, кәсiпорындары
                        мен бiрлестiктерiнiң
                           Т I З Б Е С I

     "Энергияқұрылыс" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы
     "Экiбастұзэнергияқұрылыс" акционерлiк қоғамы, Павлодар 
     облысының Екiбастұз қаласы
     "Ортаазияэнергияқорғау" акционерлiк қоғамы, Алматы облысының
     Энергетика поселкесi, Iле ауданы
     "Электросредазмонтаж" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы
     "Энергостройкомплект" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы
     "Ертiсгэсқұрылыс" акционерлiк қоғамы, Семей облысы Жаңасемей
     ауданының Шульба поселкесi  
     "Қапшағай механизация құралдары зауыты" Алматы облысының
     Қапшағай қаласы
     "Ортаазияэнергияқұрылыс" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Ортаазияэнергиямонтаж" жалгерлiк тресi, Алматы қаласы
     "Целинэлектросетьстрой" өндiрiстiк-шаруашылық қауымдастығы,  
     Ақмола қаласы
     "Алматыэнергияқұрылыс" ұжымдық кәсiпорны, Алматы облысы
     Қаскелен ауданының Алғабас поселкесi
     "Қызылордаэнергияқұрылыс" ұжымдық кәсiпорны, Қызылорда қаласы
     "Қазцентрэнергострой" тресi, Қарағанды қаласы
     "Ортаазияарнаулыэнергиямонтаж" ұжымдық кәсiпорны, Алматы қаласы
     "Теңiзэнергияқұрылыс" жобалау-өндiрiстiк құрылыс бiрлестiгi,
     Атырау қаласы
     "Қазэнергияқұрылысиндустрия" өндiрiс бiрлестiгi, Павлодар қаласы
     "Ермак" металлконструкциясы зауыты", Павлодар облысының 
     Ақсу қаласы
     "Алматы қазандық-қосалқы жабдықтар және труба құбырлары зауыты",
     Алматы қаласы
     Ертiс "Гидроболатконструкция" зауыты, Өскемен қаласы
     "Екiбастұзэнергияқұрылысмеханизация" шағын механизация басқармасы,
     Павлодар облысының Екiбастұз қаласы
     "Қазэнергопроект" жобалау институты, Павлодар қаласы
     "Энергияқұрылысжабдықтау" кәсiпорны, Алматы қаласы
     "Павлодар жеңiл конструкциялар зауыты" жалгерлiк кәсiпорны,
     Павлодар қаласы
     "Прииртышский" кеңшары, Павлодар облысының Железинка ауданы
     "Михайлов" кеңшары, Павлодар облысының Железинка ауданы  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады