Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң штат саны осы жүйедегi қызметкерлердiң жалпы саны есебiнен 50 адамға көбейтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулыдан туындаған шығынның шектi сомасына тиiстi өзгертулер енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi