1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу үшiн жабдықтар мен құралдар шығаратын зауыттарының негiзiнде құрамында қосымшаға сәйкес кәсiпорындар бар "Жайлау" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын (бұдан әрi - Компания) құру туралы ұсынысы құпталсын.
2. Компания басқармасының орналасатын жерi Алматы қаласы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияға заңда белгiленген тәртiп бойынша өз құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану мен басқару құқығын табыстасын.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерленуiне қарай, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялар пакеттерiнен басқа, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi Компанияның иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлсiн.
4. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаты бәсекелiк негiзде, мемлекеттiк бюджет қаржысы есебiнен, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттың да есебiнен геологиялық барлау құралдары мен жабдықтарын өндiру деп белгiленген және оған:
өз құрамына кiретiн ұйымдардың қызметiн олардың қызметiне неғұрлым тиiмдi жағдай туғызу үшiн үйлестiрiп отыру;
Компанияның жарғылық қызметiн жүзеге асыру үшiн заңды ұйымдар мен жеке адамдардың ақша қаражатын жұмылдыру әрi шоғырландыру және соның негiзiнде тұрақты пайда алуды қамтамасыз ету;
капитал нарығы жағдайын зерделеу мен талдау, Компанияға қатысушыларға түрлi қызмет көрсету;
құнды қағаздар шығару және оларды Қазақстан мен шетел инвесторлары арасында тарату жөнiнде эмиссиялық қызмет көрсету;
Компанияға қатысушыларға ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық және консультациялық қызмет көрсету;
бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығару жөнiнде озық технологиялар, бiрлескен өндiрiстер құру мақсатында кәсiпорындар қызметiне өз қаржыларымен қатысу;
Компанияның барлық қатысушыларының қызметiнде мемлекет мүддесiнiң сақталуына бақылау жасау;
Компанияға кiрген кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын тағайындау және бекiту;
еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың Байқаушы кеңестерiн қалыптастыру, оларға өздерiнiң өкiлдерiн тағайындау;
Компанияда жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс жөнiндегi функциялар мен мiндеттерге заңды мұрагерлiктi қамтамасыз ету жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi:
Компания қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қолдансын;
Компанияға кiретiн кәсiпорындар мен мемлекеттiк басқару функцияларын атқаратын ұйымдар арасында негiзгi жабдықтар бөлiсiн жүргiзсiн;
бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне келiсу үшiн Байқаушы кеңестiң дербес құрамы мен Компания президентiнiң қызметiне кандидатура жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
6. "Жайлау" мемлекеттiк акционерлiк Компаниясының Байқаушы
кеңесi бiр ай мерзiмде Компания басқармасының құрылымы мен санын анықтасын. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитетi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгiмен бiрлесiп, "Жайлау" мемлекеттiк акционерлiк Компаниясына қолдағы ресурстардың есебiнен қажеттi қызмет үй-жайын, техникалық жабдықтар телефон және телекс байланысы арналарын бөлiп берсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 900 қаулысына Қосымша "Жайлау" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындар Тiзбесi Ақтөбенiң "Геотехника" зауыты, Ақтөбе қаласы Жосалы механикалық зауыты, Қызылорда облысының Жосалы поселкесi Қарағанды геолжөнзауыты, Қарағанды қаласы