1. "Алтай-ТМ" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан әрi - Компания) құрылсын.
2. Компания басқармасының орналасатын жерi Өскемен қаласы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
осы қаулыға тiркелген қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен акционерлiк қоғамдардың құрамында Компанияны құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлесiн;
Компанияға кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ бұрын құрылып, Компанияның құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын беретiн болсын.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акцияландыру барысына қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялардың пакеттерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары (II кезең) мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Компанияның иеленуi, пайдалануы және басқаруына берiлетiн болсын.
4. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаттары мыналар деп белгiленсiн:
қорғасын, мырыш, асыл металдар, кен және құрамында осы элементтер бар концентраттар өндiру саласында жұмыс iстейтiн металлургия, кен байыту және кен өндiру кәсiпорындарының, шахта салу және шахта қазу ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
Компанияның құрамына енетiн кәсiпорындардың өндiрiстi бағдарламаларының баланстарын қарау, жасау және бекiту;
негiзгi өнiм түрлерi бойынша мемлекеттiк қажеттiлiкке қарай өндiрiс көлемiн орналастыру;
түстi металдар өндiру, кен базасын дамыту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру, айналадағы ортаны қорғау және оларды мемлекеттiк инвестициялау жөнiнде аса маңызды ғылыми-техникалық бағдарламалар жасау;
Компанияның кәсiпорындары өндiретiн өнiмдi экспортқа шығарудың лицензияларын келiсу, олардың сыртқы экономикалық қызметiн үйлестiру;
шетел инвесторларын тарту, өндiрiс қызметiн өрiстету мен коммерцияландыру;
Компанияның құрамына енетiн кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және бекiту;
еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың Байқаушы кеңестерiн қалыптастыру, оларға өз өкiлдерiн тағайындау.
5. Компания бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың басшылығын өз орнында қалдырып, олардың Байқаушы кеңестерiнiң құрамына өз өкiлдерiн тағайындайтын болсын.
6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, "Қазақстан
түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясы Компанияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдайтын болсын. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитетi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинатымен" бiрлесiп қолдағы ресурстар есебiнен Компанияға қажеттi қызмет үй-жайларын, техникалық құралдарды және телефон мен телекс байланысы арналарын бөлетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 904 қаулысына Қосымша "Алтай-ТМ" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың Тiзбесi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы, Өскемен қаласы Зырян қорғасын комбинаты, Зырян қаласы Ертiс полиметалл комбинаты, Белоусов поселкесi, Шығыс Қазақстан облысы Жезкент кен байыту комбинаты, Жезкент поселкесi, Семей облысы <*> "Шығысмашзавод" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi, Өскемен қаласы "Қорғасыншахтақұрылыс" тресi, Өскемен қаласы "Рассвет" тiгiн бiрлестiгi, Өскемен қаласыҚұрамына сүт зауыты, салынып жатқан кiрпiш зауыты, салынып жатқан ағаш өңдеу зауыты енетiн "Юг" өндiрiстiк-құрылыс ауыл шаруашылық кәсiпорны, Зайсан қаласы, Шығыс Қазақстан облысы "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы салып жатқан емдеу-сауықтыру кешенi, Өскемен қаласы "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының жауапкершiлiгi шектеулi "Артемов" серiктестiгiмен бiрге салып жатқан кенiштегi тиiстi үлесi, Шемонайха поселкесi, Шығыс Қазақстан облысы
Ескерту. Тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.07.21.
N 1014 қаулысымен.