"Металлургжөндеу-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 17 қыркүйек N 908. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995.12.14. N 1725 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1287 "Кен-металлургия кешенiн мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру туралы" Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Металлургжөндеу-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан әрi - Компания) құрылсын.
      2. Компания басқармасының орналасатын жерi Қарағанды облысының Темiртау қаласы болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      осы қаулыға тiркелген қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен акционерлiк қоғамдардың құрамында Компанияны құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлесiн;
      Компанияға кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ бұрын құрылып, Компанияның құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын беретiн болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акцияландыру барысына қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялардың пакеттерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары (II кезең) мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Компанияға берiлетiн болсын.
      4. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаттары кен-металлургия кешенi кәсiпорындарын қайта құру және техникалық жағынан қайта жарақтандыру, технологиялық құрал-жабдықты жөндеу iсiн ұйымдастыру және өткiзу деп белгiленiп, оған мыналар жүктелсiн:
      Компанияның құрамына кiрген кәсiпорындардың қызметiне неғұрлым тиiмдi жағдайлар жасау мақсатында олардың жұмысын үйлестiру;
      кен-шахта, байыту, металлургия мен күкiрт қышқылы өндiрiсi салаларында жобалау және iздестiру жұмыстарын жүргiзу;
      кен-шахта, байыту, металлургия және күкiрт қышқылы өндiрiстiк құрал-жабдықтарын жөндеу, қолайсыз ортада жұмыс iстейтiн үйлердi, ғимараттар мен құрал-жабдықты химиялық әсерден қорғау және тат басудан сақтау жұмыстарын ұйымдастыру;
      Компанияға мүше кәсiпорындарды Компанияның iшкi кооперация және сыртқы байланыстары есебiнен материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      қатысушы кәсiпорындардың өндiрiстiк базасын нығайтуға бағытталған ғылыми-техникалық, экономикалық бағдарламалар әзiрлеу, стандартты емес құрал-жабдықты, механикаландыру құралдарын, технологиялық жарақ пен металл-конструкцияларын қазiргi заманғы технологиялар мен жаңа материалдар негiзiнде әзiрлеу;
      халық тұтынатын тауарлар шығару және қызметкерлердi ауыл шаруашылық өнiмдерiмен қамтамасыз ету үшiн өзiндiк ауыл шаруашылық базасын (қосалқы шаруашылық) дамыту;
      Компанияның құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын тағайындау және бекiту;
      еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың Байқаушы кеңестерiн қалыптастыру, оларға өз өкiлдерiн тағайындау.
      5. Компания бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың басшылығын өз орнында қалдырып, олардың Байқаушы кеңестерiнiң құрамына өз өкiлдерiн тағайындайтын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi Компанияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Компанияның Байқаушы кеңесiнiң дербес құрамы және оның президентi қызметiне кандидатура жөнiнде ұсыныс енгiзетiн болсын.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитетi Қазақ мемлекеттiк
"Қазқараметалжөндеу" акционерлiк тресiмен бiрлесiп қолдағы бар
ресурстар есебiнен Компанияға қажеттi үй-жайларын, техникалық
құралдарды, телефон мен телекс байланысы арналарын бөлетiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1993 жылғы 17 қыркүйектегi
                                          N 908 қаулысына
                                            Қосымша
            "Металлургжөндеу-холдинг" мемлекеттiк холдинг
            компаниясына енетiн кәсiпорындар мен ұйымдар
                             Тiзбесi
"Қазтүстiметалжөндеу" бiрлестiгi, Алматы қаласы
     оның iшiнде:
     Оңтүстiк Қазақстан мамандандырылған ұжымдық жөндеу-құрылыс
     басқармасы, Шымкент қаласы
     "Қазорталықреттеу" мамандандырылған жалгерлiк басқармасы,
     Сәтпаев қаласы, Жезқазған облысы
     жөндеу-құрылыс мамандандырылған басқармасы, Лениногорск қаласы
     Ертiс мамандандырылған ұжымдық жөндеу-құрылыс басқармасы,
     Өскемен қаласы
     жөндеу-құрылыс мамандандырылған бөлiмшесi, Қарағайлы қала
     үлгiсiндегi поселкесi, Қарағанды облысы
     жөндеу-реттеу бөлiмшесi, Шымкент қаласы
     "Жөндеуқұрылыстүстiметалл" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Қазтүстiметжөндеужабдықтау" мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы
     қаласы
Қазақ мемлекеттiк "Қазқараметалжөндеу" акционерлiк тресi, Темiртау
қаласы
     оның iшiнде:
     "Оралдомнажөндеу" жалгерлiк кәсiпорны, Темiртау қаласы
     "Металлургжөндеу" акционерлiк фирмасы, Темiртау қаласы
     "Жөндеумонтажэкология" акционерлiк қоғамы, Темiртау қаласы
     "Коксхимияжөндеу" акционерлiк қоғамы, Темiртау қаласы


      "Оралдомнажөндеу" жалгерлiк кәсiпорны, Лисаковск қаласы "Шығысэнергияжөндеу" ұжымдық кәсiпорны, Темiртау қаласы "Оралдомнажөндеу" мамандандырылған құрылыс-монтаж басқармасы, Рудный қаласы "Металлургжөндеу" мамандандырылған құрылыс-монтаж басқармасы, Рудный қаласы "Шығысэнергияжөндеу" ұжымдық кәсiпорны, Рудный қаласы Жалгерлiк жөндеу кәсiпорны (басқармасы), Павлодар қаласы "Балқаштүстiметалжөндеу" мемлекеттiк тресi, Балқаш қаласы Мемлекеттiк инженерлiк-техникалық орталық, Алматы қаласы
      соның iшiнде "Прис" мемлекеттiк шағын кәсiпорны, Алматы
      қаласы Қазақ мамандандырылған жөндеу-реттеу халықтық кәсiпорны, Өскемен қаласы Өскемен "Оралэнергиятүстiметалл" кәсiпорны, Өскемен қаласы Шымкент "Ортаазиятүстiметалэнергия" мамандандырылған жөндеу-монтаж басқармасы, Шымкент қаласы "Ортаазиятүстiметалгазтазалау" тресi, Өскемен қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады