Мұнайдың экспорттық бағасы мен оған республика iшiнде берiлетiн бағалар арасындағы айырма бөлiгiн бюджет кiрiсiне төлеу тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қыркүйектегі N 914 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 294 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.30 № 294 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1993 жылғы 25 қаңтардағы N 1927 Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1993 жылғы 1 тамыздан бастап алыс шетелдерге мұнай экспортын жүзеге асырушы кәсiпорындар, ұйымдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер ("Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi мен "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнынан басқасы) мұнайға экспорттық бағалар мен оған республика iшiнде берiлетiн бағалар арасындағы айырмадан алынған түсiмнiң 20 процентiн бюджет кiрiсiне енгiзетiн болып белгiленсiн.
      2. Республикалық бюджеттiң кiрiсiне түсетiн соманы есептеу үшiн алынатын түсiм көлемi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн соммен есептегендегi АҚШ долларының бағамы қолданылып жүрген сәтте келiп түскен экспорттық бағалар бойынша мұнай экспортынан алынған түсiмнiң және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмiмен белгiленетiн республика iшiнде берiлетiн өнiмдер үшiн қолданылатын баға бойынша экспортталған мұнай құнының арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      3. Экспортталатын мұнай бағаларындағы айырма сомасы төлеушiнiң тұрған жерi бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне 8-тараудың 5-параграфындағы "Экспортқа шығарылатын мұнай бағаларындағы айырма түсiмдерiне" енгiзiледi, банк символы 47.
      Төлем сомаларын есептеудi пайдаға салынатын салық бойынша есеп айырысу үшiн белгiленген мерзiмдерде мұнай экспорты iске асырылған кезең еткен соң тiкелей, төлеушiнiң өзi жүзеге асырады.
      4. Мұнайдың экспорттық бағалары мен оған республика iшiнде берiлетiн бағалар арасындағы айырманы есептеудiң дұрыстығы және уақтылы төлем үшiн жауапкершiлiк төлем жасаушыға жүктеледi.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады