"Маңғыстаумұнайтоталь" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қыркүйектегі N 921 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. "Маңғыстаумұнайгаз" мемлекеттiк өндiрiс бiрлестiгiнiң, "Замбези холдинг Ш с. а." (Швейцария) халықаралық корпорациясына және "Тоталь эксплорейшн продакшн Қазақстан с. а." француз акционерлiк қоғамының қатысуымен "Маңғыстаумұнайтоталь" бiрлескен кәсiпорнының құрылуы мақұлдансын. 
      2. "Маңғыстаумұнайтоталь" бiрлескен кәсiпорнына Маңғыстау облысының аумағында көмiр сутегi шикiзатын iздестiрудi, барлауды, өндiрудi, ұқсатуды, тасымалдауды және сатуды жүзеге асыру мүмкiндiгiн зерттеу мен зерделеу жөнiндегi жұмысты жүргiзуiне рұқсат етiлсiн. 
      "Маңғыстаумұнайтоталь" бiрлескен кәсiпорнына белгiленген тәртiппен таңдап алынған объектiлерде, егер мұның өзi республикамыз үшiншi тараптар жөнiнде қабылдаған шарттарға қайшы келмейтiн болса, аталған бағыттар бойынша шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға арнап республика Үкiметiмен келiсiмдер және шарттар жасау құқығы берiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясымен бiрлесiп "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiс бiрлестiгiнiң балансындағы үйлердi, жабдықтарды және басқа қажеттi мүлiктi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң жарғылық капиталдағы үлесiнiң жарнасын "Маңғыстаумұнайтоталь" бiрлескен кәсiпорнына жалға беру мәселесiн шешетiн болсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне "Маңғыстаумұнайтоталь" бiрлескен кәсiпорны жұмыстарды атқару барысында республиканың мүдделерiн сақтауына бақылау жасалуын қамтамасыз ету тапсырылсын. 
      5. Министрлiктер, ведомстволар, Маңғыстау облысының әкiмi "Маңғыстаумұнайтоталь" бiрлескен кәсiпорны қызметiнiң ұйымдық мәселелерiн шешуде көмектесiп отыратын болсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады