1. Бұрын "Легинвест" акционерлiк инвестициялық компанияның құрамына енген, қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындар, ұйымдар мен акционерлiк қоғамдар негiзiнде "Легпром" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ Компанияның құрамына енгiзiлген, бұрын құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын Компанияға табыстайтын болсын.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерлендiрiлуiне қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататыннан басқалары, Компанияға берiлсiн.
3. "Легпром" мемлекеттiк холдинг компаниясы қызметiнiң негiзгi мақсаты жеңiл өнеркәсiптiң теңдестiрiле дамытылуын жүзеге асыру, нарықты халық тұтынатын тауарлармен молықтыру, саланың iрi-iрi басым техникалық проблемаларын шешудi қамтамасыз ететiн прогрестi ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргiзу
деп анықталсын. Компанияның атқарушы аппараты қайта құрылатын "Легинвест" акционерлiк инвестициялық компания тұрған алаңға орналастырылсын. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Легинвест" акционерлiк инвестициялық компаниямен бiрлесiп бiр ай мерзiмде құрылтай құжаттарын әзiрлеу тапсырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 қыркүйектегi N 945 қаулысына Қосымша "Легпром" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына енетiн кәсiпорындардың Тiзбесi Семей өндiрiстiк тоқыма-трикотаж бiрлестiгi Аягөз жүн иiру фабрикасы Ақмола жiп иiру-трикотаж комбинаты Ақтөбе өндiрiстiк трикотаж бiрлестiгi Көкшетау тоқыма-галантерея фабрикасы Рудный тiгiн-трикотаж фабрикасы Петропавл тiгiн фабрикасы Қостанай тiгiн фабрикасы Ақтөбе тiгiн фабрикасы Ақмола тiгiн фабрикасы Беловод тiгiн фабрикасы Георгиевка былғары комбинаты Павлодар былғары зауыты Орал мех комбинаты Қарағанды аяқкиiм фабрикасы Қостанай аяқкиiм фабрикасы Ақтөбе аяқкиiм фабрикасы Семей былғары шикiзаты зауыты Орал былғары шикiзаты зауыты Павлодар былғары шикiзаты зауыты Жамбыл былғары шикiзаты зауыты Землячка атындағы Орал былғары зауыты Қарағанды стандартталмаған жабдықтар, босалқы бөлшектер және техноаспаптар зауыты Республикалық салалық есептеу орталығы Көтерме сауда базалары бар "Қазлегснабсбытторг" ШЕБ "АХБК-ОЗАТ" акционерлiк қоғамы "Ақ жiп" акционерлiк қоғамы "Қарғалы" акционерлiк қоғамы "Алматы кiлем" акционерлiк қоғамы "Гея" шұлық бұйымдарын өндiру акционерлiк қоғамы "Қарағандыкиiм" акционерлiк қоғамы Жамбылдағы "Сұлу" акционерлiк өндiрiстiк сауда фирмасы "Абай тiгiн фабрикасы" акционерлiк қоғамы "Жамбылкожобувь" акционерлiк қоғамы "Жетiсу" акционерлiк фирмасы "Тоқылмаған материалдар фабрикасы" акционерлiк қоғамы "Қыз Жiбек" тiгiн фабрикасы" акционерлiк қоғамы "Салтанат" фирмалық магазинi" акционерлiк қоғамы "Легпроект" акционерлiк қоғамы Талдықорған аяқкиiм фабрикасы "Легпром" ғылыми-техникалық инженерлiк орталық "Арман" акционерлiк қоғамы