1. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ынтымақтастық жөнiндегi қазақ-үндi мемлекетаралық бiрлескен комиссиясының 1993 жылғы 21-23 шiлдедегi Нью-Дели қаласындағы бiрiншi мәжiлiсi барысында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы арасындағы Ынтымақтастық салалары туралы уағдаластық Меморандумы және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Үндiстан Республикасының Үкiметi арасындағы Кредит туралы келiсiм мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi Негiзгi шаралар бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Министрлiктер мен ведомстволар Негiзгi шараларды жүзеге асыру және Үндiстан Республикасымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған қажеттi бағдарламалар мен ұсыныстарды уақтылы әзiрлеп, оларды мемлекетаралық қазақ-үндi бiрлескен комиссиясына ұсыну жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Мемлекетаралық бiрлескен комиссияның қазақ жағы (Әбiлсейiтов Ғ.Ә.):
негiзгi шаралардың орындалуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн;
министрлiктер мен ведомстволардың бағдарламалары ұсыныстары негiзiнде үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасымен Үндiстан Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк ынтымақтастықтың Кешендi бағдарламасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1014 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы
арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық,
өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк ынтымақтастықты
дамыту жөнiндегi
НЕГIЗГI ШАРАЛАР
(Кесте)