"Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылыс кешенiн қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 қазан 1993 ж. N 1018

      "Байқоңыр" ғарыш айлағының қызметiн және Ленинск қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Азаматтық құрылыс ұйымдарының құрылымы жасалғанға дейiнгi өтпелi кезеңде "Байқоңыр" ғарыш айлағында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери-құрылыс басқармасын жасақтауға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Байқоңыр" ғарыш айлағының Бас әскери-құрылыс басқармасында қызмет атқарып жүрген офицерлердi "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери құрылыс басқармасының құрамында одан әрi қызмет атқару үшiн белгiленген тәртiппен iссапарға жiберсiн;
      "Байқоңыр" ғарыш айлағы Бас құрылыс басқармасының қазан - желтоқсанда запасқа шығарудан кейiн қалған мерзiмдi қызметтегi жеке адам құрамын (2500 адам) 1993 жылдың күзiндегi жасақтаудың квотасы есебiне Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери құрылыс басқармасында қызмет атқаруы үшiн беретiн болсын;
      өтпелi кезеңде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң офицерлерi құрылатын әскери құрылыс басқармасының әрбiр бөлiмшесiне командирлердiң жеке адам құрамымен жұмыс жөнiндегi орынбасарлары қызметiн атқаруға iссапарға жiберiлiп, оларға Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi тиiстi құрылымдарының нормалары бойынша ақшалай үлес төленсiн;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi "Байқоңыр" ғарыш айлағының Бас әскери-құрылыс басқармасы таратылып, әскер бөлiмдерi толық құрамында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери-құрылыс басқармасына берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақтан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, "Құрылыс" мемлекеттiк холдинг компаниясының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң Бас әскери-құрылыс басқармасын тиесiлi негiзгi қорлар, базалар, әскери қалашықтар мен басқа мүлiктi 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн Ресей Федерациясы қорғаныс министрлiгiнiң әскери-құрылыс басқармасына уағдаластық шарттармен жалға берiп, ал құрылыс және жанар-жағар май материалдарын, құрылыс техникасының қосалқы бөлшектерiн - ақысына беретiн болсын.
      Объектiлер қосымшаға сәйкес "Байқоңыр" ғарыш айлағының Бас әскери-құрылыс басқармасының мүлкiн беру тәртiбiне сай кезең-кезеңмен берiлетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1018 қаулысына қосымша


              "Байқоңыр" ғарыш айлағы Бас әскери құрылыс

             басқармасының мүлкiн берудiң тәртiбi туралы

     "Байқоңыр" ғарыш айлағының таратылатын Бас әскери-құрылыс 
басқармасының жылжитын және жылжымайтын мүлiк, негiзгi қорларын Ленинск
қаласының  әкiмшiлiгiне берудiң кезеңдерi мен көлемдерi:

     1 кезең - 1993 жылғы 1 қарашаға дейiн

     1. 85773 әскери бөлiмнiң мүлкi
     2. 83340 әскери бөлiмнiң мүлкi (келiсiлген көлемдегi техника)
     3. 86714 әскери бөлiмнiң ғимараты
     4. 71051 әскери бөлiмнiң мүлкi (555 жөндеу-механика зауыты)
     5. 18503 әскери бөлiмнiң автокөлiгi (келiсiлген көлемде)
     6. Орталық жанар-жағар май қоймасы
     Мүлiктi берушi ұйымдардың есебiндегi құрылыс материалдары,
қосалқы бөлшектер,арзанқол және тез тозатын заттар ақысына берiледi.
     7. "Долина" құрылыс материалдарын сақтау базасы.


      Ленинск қаласындағы, сондай-ақ мәрелiк және техникалық кешендердегi құрылысы басталған тiзiмдегi объектiлерге, арналған "Долина" базасындағы құрылыс материалдары, конструкциялары, жабдықтар тиiстi объектiлердiң құрылысын жүргiзушi мердiгерлiк ұйымдарға ақысына берiледi.

      II кезең

      Қазiргi құрылыс кешенiнiң жылжымалы және жылжымайтын мүлкiн, негiзгi қорларын концернге одан әрi тапсыру концерн құрылыс ұйымдарының жасақталуына қарай оның даму келешегi ескерiлiп, концернге тапсырылатын күрделi құрылыстың көлемi негiзiнде жүзеге асырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады