Қару-жараққа және қарусыздануға бақылау жасау проблемалары жөнiндегi шарттар мен келiсiмдерге қатысушы мемлекеттiң мiндеттерiн Қазақстан Республикасының дәлме-дәл орындауының қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк компаниясының және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жәрдемiмен жыл сайын шетелдiк әуе кемелерiнiң ұшып келуiне дипломатиялық рұқсат берiп, бұл жөнiнде шарттарға немесе келiсiмдерге қатысушы елдерге хабарлап отыратын болсын.
2. Шетел ұшағы коммерциялық рейстер кестесiнен тыс жекелеген арнаулы рейспен ұшып келетiн жағдайда дипломатиялық рұқсат берудiң мынадай тәртiбi белгiленсiн:
шетел мемлекетiнiң Қазақстанда болу ниетi туралы нотасы немесе (және) мәлiмдеуi негiзiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк компаниясына және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне хабар жiбередi;
аталған ведомстволар екi күндiк мерзiмде қорытынды шығарады және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне хабарлайды;
"Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк компаниясы Ресей Федерациясының әуе қозғалысын бiрыңғай басқару жүйесiнiң бас орталығын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әуе қозғалысын басқару бас орталығын хабардар етедi, олар өтiнiмдер бойынша шет ел мемлекеттерiнiң ұшақтарын шетелдiк әуе кемелерiнiң ұшуы үшiн белгiленген коридорлар арқылы өткiзудi қамтамасыз етедi;
көрсетiлген ведомстволардың қорытындылары негiзiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық рұқсат жазып бередi, оның нөмiрi мен нотасы сұрау салушыға және барлық мүдделi ведомстволарға хабарланады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Шет мемлекеттердiң инспекциялық және арнаулы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағына ұшып келуiне берiлетiн дипломатиялық рұқсаттарды ресiмдеу процедурасы туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 қазан 1993 ж. N 1019
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз