1. Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң және Жамбыл облысы әкiмiнiң әскери авиабазаны конверсиялау негiзiнде Луговой стансасы ауданында көп салалы жүк өткеру орталығын (олигопорт) салу туралы ұсынысы қабылдансын, әрi ол ерекше мемлекеттiк маңызы бар объектiлердiң санатына қосылсын.
2. Жамбыл облысының әкiмi аталған объектiге жер учаскесi бөлiнуiн және оны салу мен пайдалануға беру үшiн ұйымдастыру шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Құрылысты жобалауды, ұйымдастыруды және қаржыландыруды өзiн өзi өтеу принципiнiң негiзiнде "Лакмэн Марукки Интернэшнл Корпорейшн" (АҚШ) халықаралық корпорациясының қамтамасыз ететiндiгi еске алынсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi объектiнi
салуға қажеттi қаржы операцияларын жүргiзуде Жамбыл облысының әкiмiне жәрдемдесетiн болсын. 5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары Жамбыл облысында сан алуан қызмет атқаратын жүк өткеру орталығын салуды ұйымдастыру мен оны пайдалануға беруде Жамбыл облысының әкiмiне көмектесетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi