ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ ЖӨНIНДЕГI МЕМЛЕКЕТТIК КЕҢЕСI ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 21 қазан N 1042. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.04. N 912 қаулысымен.


     Министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың табиғат қорғау
қызметiн үйлестiру, айналадағы табиғи ортаны қорғау қаласындағы
шараларды орындау және республикадағы экологиялық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасының Экология жөнiндегi мемлекеттiк
кеңесi мына құрамда құрылсын:
Әбiлсейiтов Ғ.Ә.    - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                      орынбасары - Ғылым және жаңа технологиялар
                      министрi, төраға

Қараманов Ұ.Қ.      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
                      кеңесшiсi, төрағаның орынбасары

Медведев С.А.       - Қазақстан Республикасының Экология және
                      биоресурстар министрi, төрағаның орынбасары

Сәрсембеков Т.Т.    - Қазақстан Республикасының Президентi мен
                      Министрлер Кабинетi Аппаратының Экология және
                      табиғатты пайдалану жөнiндегi бөлiмiнiң
                      сектор меңгерушiсi, жауапты хатшы

             Экология жөнiндегi мемлекеттiк кеңес мүшелерi:
Әубәкiров Т.О.      - Қазақстан Республикасы Ғарыш зерттеулерi
                      ұлттық агенттiгiнiң төрағасы

Бабағулов Қ.        - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                      бiрiншi орынбасары

Байтулин И.О.       - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                      академиясының вице-президентi

Бәйкенов Қ.Қ.       - Қазақстан Республикасының Энергетика және отын
                      ресурстары министрi

Батырбеков Ғ.А.     - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық
                      орталығының Бас директоры 

Гончаров В.А.       - "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
                      президентi

Дүйсенов С.Т.       - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                      жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас
                      басқармасының бастығы

Жолдасбеков Ө.А.    - Қазақстан Республикасы Инженерлiк 
                      академиясының президентi

Қалиев Ғ.А.         - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының
                      президентi

Керiмбаев Б.Д.      - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
                      комитетi бас басқармасының бастығы

Константинов А.Б.   - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
                      орынбасары (келiсiм бойынша)

Қыпшақбаев Н.Қ.     - Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөнiндегi
                      мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы

Құлыбаев А.А.       - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй
                      және аумақтарда құрылыс салу министрi

Макиевский Н.М.     - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                      жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы

Менжулин Б.И.       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                      орынбасары

Мүлкiбаев С.М.      - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты
                      қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен
                      қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                      төрағасы

Нұрғазиев Б.Н.      - Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары

Оспанов Б.С.        - Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және
                      жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк
                      комитетiнiң төрағасы

Остроумов В.З.      - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                      жанындағы Геодезия және картография Бас
                      басқармасының бастығы


Реймер А.А.         - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                      министрiнiң орынбасары

Романов А.Ф.        - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                      министрiнiң орынбасары

Сафрыгин М.М.       - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң
                      орынбасары

Саламатин А.Г.      - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрi

Сәрсеков Б.С.       - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң
                      орынбасары

Томашец А.К.        - "Желдiрме" автомобиль жасау және автомобиль
                      жөндеу мемлекеттiк холдинг компаниясының
                      президентi

Тоқаев Қ.К.         - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң
                      орынбасары

Трубников Л.М.      - Қазақстан Республикасы Геология және жер
                      қойнауын қорғау министрiнiң орынбасары

Дәменов А.М.        - Қазақстан Республикасының Президентi мен
                      Министрлер Кабинетi Аппаратының Экология және
                      табиғатты пайдалану жөнiндегi бөлiм меңгерушiсi

Школьник В.С.       - Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы
                      жөнiндегi агенттiгiнiң бас директоры

     2. Қазақстан Республикасының Экология жөнiндегi мемлекеттiк
кеңесi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
 


                                            Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қазандағы N 1042 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


                  Қазақстан Республикасының Экология
                  жөнiндегi мемлекеттiк кеңесi туралы

                              ЕРЕЖЕ
      1. Қазақстан Республикасының Экология жөнiндегi мемлекеттiк кеңесi мемлекеттiк экологиялық саясатты әзiрлеу мен iске асыру және Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      2. Қазақстан Республикасының Экология жөнiндегi мемлекеттiк кеңесi өзiне берiлген өкiлеттiлiк шегiнде:
      табиғи ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты ресурстардың регенерациясы мен қайта жаңғыртылуын қамти отырып қалыптастырады және жүргiзедi, министрлiктердiң, мемкомитеттердiң, ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ атқару билiгi органдарының осы мәселелер жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
      табиғи ортаны қорғау және табиғатты тиiмдi пайдалану, табиғат қорғаудың мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн пайдалану мәселелерi жөнiндегi шешiмдердiң iске асырылуына бақылау жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      экологиялық ахуалды сауықтыру және өмiр сүруге қажеттi табиғи жағдайды сақтау жөнiндегi ұсыныстарды қарап, шаралар қолданады;
      қажеттi жағдайда айналадағы табиғи ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты мәселелердi зерттеу ұсыныстар әзiрлеу үшiн жетекшi ғалымдарды, басшы қызметкерлердi, жоғары бiлiктi мамандарды тарта отырып жұмыс топтарын құрады.
      3. Қазақстан Республикасының Экология жөнiндегi мемлекеттiк кеңесiнiң құзырына кiретiн мәселелер жөнiндегi шешiмiн Қазақстан Республикасының республика аумағында орналасқан барлық министрлiктерi, мемлекеттiк ұйымдары (әскери-өнеркәсiп кешенiн қоса) орындауға мiндеттi.
      4. Қазақстан Республикасының Экология жөнiндегi мемлекеттiк кеңесi өз жұмысын төрағасы бекiткен жоспар бойынша ұйымдастырады, қажетiне қарай, бiрақ жарты жылда кем дегенде бiр рет мәжiлiстер өткiзедi. Кеңес мүшелерi мәжiлiстерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
      Мәжiлiстерге қажет болған жағдайда министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, соның iшiнде қоғамдық ұйымдардың, облыстардың, аудандардың, қалалардың шешiмдер қабылдау үшiн қорытындылары берiлген анықтамалар, баяндамалар, республика Президентiнiң, Үкiметiнiң жарлықтары мен қаулыларының жобаларын белгiленген мерзiмде табыс еткен басшылары қатыса алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады