ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ТӨРЕЛIК СОТЫН МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 27 қазан 1993 ж. N 1067. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.16. N 789 қаулысымен. ~P020789

      "Қазақстан Республикасының төрелiк соты туралы" Қазақстан Республикасы Заңы мен "Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 17 қаңтардағы қаулысын орындау үшiн және Жоғарғы төрелiк сотының қызметiне қажеттi жағдайлар туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi Жоғары төрелiк сотының судьяларына санаторийлерге, демалыс үйлерiне, пансионаттарға, пионер лагерьлерiне жолдамалар, мектепке дейiн балалар мекемелерiне орындар бөлсiн, сондай-ақ оларға медициналық қызмет көрсетудi көздесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Жоғары төрелiк сотының автомобильдерiне шарттық негiзде қызмет көрсетiп, оларға техникалық жөндеу жүргiзсiн.
      3. "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Жоғары сотына жиhаз, жабдықтар, мүкаммал, кеңсе тауарларын бөлудi қамтамасыз етсiн. Үкiметтiң шешуiн талап ететiн мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Қазақстан Республикасының Жоғары төрелiк сотын тiкелей шарттар бойынша қажеттi телефон, телеграф және телекс байланысымен қамтамасыз етсiн.
      Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi, "Қазжеңiлжабдықөткiзусауда" Республикалық бiрлестiгi Жоғары төрелiк сотының өтiнiмдерiне сәйкес 1993 жылға материалдық-техникалық ресурстар қарастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi Жоғары төрелiк сотының судьялары үшiн тұрғын үй құрылысына жыл сайын лимиттер бөлiнуiн көздесiн, ал Алматы қаласының әкiмi құрылыс жүргiзудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
      6. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкiмдерi Жоғары төрелiк сотының судьялары үшiн жеке тұрғын үй құрылысын учаскелер және бау-бақ учаскелерiн бөлетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады