1. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiлiгiнiң штат саны 9 адамнан тұратын болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң айлық жалақысы Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты басшысының жалақысы деңгейiнде белгiленсiн (қырғыз сомымен).
Қырғыз Республикасымен Қатынастардың маңыздылығы және жұмыс көлемiнiң үлкендiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына 20 процент мөлшерiнде үстемақы тағайындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiлiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына қарай белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiлiгiнiң қызметкерлерiне жылына 4 лауазымдық жалақы мөлшерiнде сыйақы берiлсiн, ал материалдық көмек жылына 2 лауазымдық жалақы мөлшерiнде көрсетiлсiн.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiлiгiнiң административтiк-техникалық қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына ай сайын 15 процент мөлшерiнде үстемеақы белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiлiгiнiң шығын сметасы 1993 жылдың 3 айына 461362,1 мың сом көлемiнде бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша шығын сметасы белгiленген тәртiппен түзететiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiлiгiне
өкiлдiк мақсаттар үшiн шетелде шығарылған бiр автомашина алуға рұқсат етiлсiн. 6. Жамбыл облысының әкiмi Бiшкек қаласындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң ғимаратын қайта жаңарту және жөндеуге қатысты барлық мәселелердi шешетiн болсын. Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi, Республикалық "Қазконтракт" контракт корпорациясы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiлiгiнiң жабдықтар мен мүкәммалға қажеттiлiгiн қарастырып, олардың 1993 жылы бөлiнуiн және жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi