Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республиканың ғылымын ұйымдастыруды жетiлдiру мен ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 21-шi қаңтардағы N 1090
U931090_
жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ 1993 ж., N 1, 12-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығы (бұдан әрi - Ұлттық орталық) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты кешендi ғылыми-техникалық бiрлестiк болып табылады деп белгiленсiн.<*>
Ұлттық орталықтың дербес балансы, есеп шоты және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады.
Ұлттық орталықтың Бас дирекциясының орналасатын жерi Ақмола облысындағы Степногорск қаласы болып белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
1996.12.28. N 1668 қаулысымен.
P961668_
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң және Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұлттық орталықтың құрамына дербес заңды ұйым құқығымен мына институттар мен кәсiпорындарды енгiзу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын, бұлар:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М.Ә.Айтқожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты (Алматы қаласы);
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Жамбыл облысы, Гвардейский поселкiсi);
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Алматы биокомбинаты;
"Прогресс" өндiрiстiк бiрлестiгi (Степногорск қаласы);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Биомедпрепарат" Қазақстан ғылыми өндiрiстiк кешенi (Степногорск қаласы).
3. Ұлттық орталық құрамында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен;
Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Бiлiм беру министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген:
- Степногорск қаласында Медицина-биология институтын (жоғары оқу орны);
- Алматы қаласында Өсiмдiктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтын құру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын:
Өсiмдiктердiң физиологиясы, генетика және биоинженерия институты ғылыми қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар:
ауылшаруашылық дақылдары селекциясының генетикалық базисiн кеңейту мен жоғары өнiмдi сорттарын шығару үшiн биоинженерлiк тәсiлмен өсiмдiктердiң бағалы белгiсi бар принциптi жаңа түрлерiн жеделдете шығару;
микроклональды көбеюдiң тиiмдiлiгi жоғары биотехнологиясын және сауықтырылған көшеттер өндiрiсiн және экономикалық маңызы зор әрi бiрегей өсiмдiктердiң гермоплазмасын ұзақ уақыт сақтау тәсiлдерiн әзiрлеу;
жоғары өнiмдiлiктi және ортаның ауытқымалы факторларына, дерттерге, зиянкестерге төзiмдiлiктi қамтамасыз ететiн физиологиялық және генетикалық тетiктердi зерттеу және соның негiзiнде ауыл шаруашылығы дақылдары селекциясының әдiстерiн, күтiп баптаудың тәсiлдерiн жетiлдiру;
биологиялық ұтқыр заттардың, оның iшiнде биопестицидтердi, өсiмдiктердiң өсу, жетiлу және тұрақтану реттеуiштерiн алу мен қолданудың ғылыми-әдiстемелiк негiздерiн әзiрлеу болып белгiленсiн.
Степногорск қаласындағы фармацевтикалық биотехнология институты.
Ескерту. 3-тармақтың 9-абзацындағы "Алматы қаласы" "Степногорск қаласы" сөзiмен алмастырылды. (ҚРМК-нiң 1994 ж. 13 шiлдедегi N 787 қаулысы бойынша).
Фармацевтикалық биотехнология институтының ғылыми қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар:
дәрi-дәрмек дайындауға негiз болатын жаңа биологиялық ұтқыр қоспалардың құрылымын және функцияларын пайымдау;
биологиялық ұтқыр қоспалардың молекулаға, торшаға және тiнге әсерiнiң тетiгi мен берiлiсiн пайымдау;
биологиялық ұтқыр қоспалар скринингiнiң молекулярлық-биологиялық, физиологиялық және биосенсорлық жүйесiн жасау, дәрi-дәрмек препараттарын емдiк қолдануға дейiн сынақтан өткiзу және сертификациялау;
дәрi-дәрмек және вакциналық препараттарды бөлiп алу, тазалау және өндiрудiң физико-химиялық және технологиялық процесстерiн әзiрлеу болып белгiленсiн.
4. "Биотехнология мен ген инженериясы әдiстерiн медицинада, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiпте пайдалану" атты Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның негiзi тапсырмалары мен көрсеткiштерi бекiтiлсiн. Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiне осы бағдарламаны кең ауқымда бекiтiп, оны 1993 жылдан бастап мақсатты қаржыландыру тапсырылсын.
5. Ұлттық орталыққа:
- "Биотехнология және гендiк инженерия әдiстерiн медицинада, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiпте қолдану" жөнiндегi республикалық нысаналы ғылыми - техникалық бағдарламаның ұйымдастырылуы үшiн басты ұйымның мiндетi мен жауапкершiлiгi;
- медицина, ауыл шаруашылығына және өнеркәсiпке арналған импорттық өнiмдердi алмастыратын тиiмдiлiгi жоғары биотехнологиялық процесстер мен кең ауқымды өндiрiстер жасау;
- биоинженерия әдiстерiнiң негiзiнде бағалы белгiсi бар өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң жаңа тұқымдарын жеделдете шығару;
- бағалы өсiмдiк сорттары мен жануарлар тұқымдарының көбею мен сауығуының тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн әзiрлеп енгiзу;
- адамдардың, жануарлар мен өсiмдiктердiң арасында кең тараған қатерлi ауруларының алдын алу мен емдеуге арналған тиiмдiлiгi жоғары жаңа диагностикумдарды, вакциналар мен препараттарды жасау;
- биотехнологиялық өндiрiске конверсия жүргiзу;
- биотехнологияның басым бағыттарына жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк мамандар даярлау және қамтамасыз ету;
- ғылыми және ғылыми өндiрiстiк ынтымақтастықта тiкелей халықаралық байланыстар орнату жүктелсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi 1993 жылдан бастап Ұлттық орталықты ғылымды қаржыландыру үшiн көзделген бюджеттегi қаражаттың есебiнен "Биотехнология мен гендiк инженерия әдiстерiн медицина, ауыл шаруашылығы және өнеркәсiпте пайдалану" жөнiндегi Республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға қажеттi мөлшерде нысаналы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Сонымен қатар Ұлттық орталықты қаржыландыру өз өнiмдерi мен әзiрлемелерiн сатудан түскен қаржының; кредиттердiң, орталықтың қызметiне мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, акционерлiк бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржылары, республикалық және халықаралық қорлар мен шетелдiк инвестициялар есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
7. Ұлттық Орталыққа жоғары бiлiктi мамандарды тарту мен тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек министрлiгi мен Ұлттық ғылым академиясымен, Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен келiсе отырып, 3 ай мерзiмнiң iшiнде Ұлттық Орталық қызметкерлерi үшiн сараланған салалық коэффициент пен лауазымдық жалақысына және тарифтiк ставкаларына, ерекше еңбек жағдайы, залалды және қатерлi жұмыс сипаты ескерiлiп үстеме ақы, аудандық және басқа да коэффициенттер белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгi тiкелей шарттар бойынша Ұлттық Орталықты қажеттi телефон, телекс байланысымен және электронды почтамен қамтамасыз етсiн.
9. Ұлттық Орталыққа қызмет бабындағы екi жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi