Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының мәселелерi
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 26 қараша N 1193. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1820 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының Төрағасына:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының құзыры шеңберiнде барлық министрлiктер, ведомстволар, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар мен кәсiпорындардың, облыстардың (қалалардың) әкiмдерi мiндеттi түрде орындауға тиiстi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резерв қорын төтенше жағдайларды қаржыландыру мәселесiне байланысты (Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң келiсiмiмен) пайдалану жөнiндегi өкiмдерге қол қою құқығы берiлсiн.
Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиясы төрағаларының лауазымына кандидатураларды қарағанда онымен келiсiлетiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының мүшелерiне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының Төрағасы бекiткен функционалдық мiндеттерiнiң шегiнде ведомстволық жағынан қарасты ұйымдар мен кәсiпорындар орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдау құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Экономика министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резерв қорының құрамында төтенше жағдайларға байланысты проблемаларды шешу iсiне тартылған сарапшылардың, басқа да мамандардың еңбегiне ақы төлеу қызметiн қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету, табиғи зiлзала, авариялар мен апаттар кезiнде iзгiлiк көмек көрсету үшiн резерв болуы көзделсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының мүшелерi мен аппаратын республика аумағында қатынайтын көлiк түрлерiнiң нысанына және кiмнiң иелiгiнде екенiне қарамастан басымдықпен кедергiсiз жүрiп-тұруына құқық беретiн куәлiктермен (омыраулық белгiлермен) қамтамасыз етсiн.
5. Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының мүшелерi мен бөлiм меңгерушiлерiне қоса оның аппаратының басшы қызметкерлерiне тәулiктiң қай мезгiлiнде болсын қызмет бабында автокөлiк шақыру құқығы берiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының басшылығын және оның аппаратын есептеу және бейнетехника, үкiметтiк және халықаралық байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн.
7. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi облыстық және қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың өкiлеттiлiгiн кеңейту, мәртебесiн көтеру туралы шешiмдер қабылдасын.
Облыстық (қалалық) төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссия төрағаларына тиiстi әкiмдер орынбасарларының мәртебесiн белгiлеу және әкiмдердiң аппараттарында төтенше жағдайлар мәселелерi бойынша штатты қызметкерлер лауазымын енгiзу ұсынылсын.
8. Министрлiктер, ведомстволар, концерндер, компаниялар меншiк нысандарына қарамастан бiр ай мерзiмде төтенше жағдайлар жөнiнде комиссиялар құрып, олар жөнiнде ережелер дайындап бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз