Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден қызметтерiн қайта ұйымдастыру туралы" 1992 жылғы 12 қарашадағы N 963 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 42, 619 бап) Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң "Қазақ ССР Финанс министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" 1971 жылғы 24 қыркүйектегi N 553 қаулысының (Қазақ КСР ҚЖ, 1971 ж., N 20, 106 бап) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 8 желтоқсандағы
N 1225 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы
Ереже
I бөлiм. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi орталық мемлекеттiк басқарудың қаржы-экономикалық органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi орталық мемлекеттiк басқару органы ретiнде республикада қаржыны ұйымдастыруға жалпы басшылықты жүзеге асырады және бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың кредит, валюта, ақша, салық және кеден саясатымен өзара бiрлiктегi стратегиялық бағытын әзiрлеуге және практикада iске асыруға, сондай-ақ осы бағытты Тәуелсiз Мемлекеттiк Достастығына мүше елдердiң мемлекетаралық шеңберiнде үйлестiруге әрi Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қаржы саясатын әзiрлеуге жауап бередi.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мiндеттерi мен қызметтерiн жүзеге асыру үшiн қажеттi қаржы базасын құруды, сондай-ақ жалпы мемлекеттiк қажеттiлiкке мемлекеттiк бюджет қаржысын ұтымды және үнемдi түрде жұмсауды қамтамасыз етедi.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, оған қарасты қаржы басқармалары (бөлiмдер), салық және кеден қызметтерi, еркiн экономикалық аймақтардың әкiмшiлiк Кеңестерiнiң қаржы басқармасы органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды және олар республика бюджетi есебiнен қаржыландырылады.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, республика Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн және басқа нормативтi актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады және қолданылып жүрген заңның министрлiк жүйесiнде дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелер бойынша заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өз қызметi процесiнде мемлекеттiк қаржы мүддесiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
II бөлiм. Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлiгiнiң басты мiндеттерi
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң басты мiндеттерi мыналар болып табылады:
а) түбегейлi экономикалық реформаларды жүзеге асыруға қаржының белсендi түрде әсер етуiн қамтамасыз ету, нарық қарым-қатынасын енгiзу негiзiнде республика экономикасын тұрақтандыру мен көтеру, қаржы заңдарын орындауды қамтамасыз ету, олардың нарық экономикасына етер әсерi мен тиiмдiлiгiн зерттеу, басқа мемлекеттермен қаржы мәселелерi жөнiнде жасалатын келiсiмдердiң жобаларын дайындауға қатысу;
б) республикадағы табыс пен шығынды экономикалық тұрғыдан негiздеп жоспарлау, табыс түсiмiн ұлғайту есебiнен бюджеттегi тапшылықты бiртiндеп қысқарту; дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды тереңдетудiң белгiленген бағдарламаларын, қоғамдық өндiрiс пен ғылыми-техникалық прогрестi дамытудың басым бағыттарын, әлеуметтiк дамуды жеделдетудi қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; халық шаруашылығының кешендi мақсаттағы бағдарламалары мен мемлекеттiк ең төменгi кепiлдiктердi қаржыландыру;
в) халық шаруашылығы салаларындағы халықаралық стандарттарды ескере отырып, шаруашылық жүргiзудiң субъектiлерiндегi, меншiк нысаны, қызметтерi әр түрлi мекемелер мен ұйымдардағы бухгалтерлiк есептеу мен есеп берудi ұйымдастырудың әдiснамалық негiздерiн анықтау;
г) ұзақ мерзiмдi қаржы нормалары мен нормативтерiн кеңiнен пайдалану негiзiнде қаржылай және валюталық реттеудiң, бюджеттiк жоспарлау мен қаржыландырудың әдiстерiн жетiлдiру, мемлекеттiк кеден саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сауда-экономикалық қатынастарды кеден тұрғысынан реттеу жүйесiн жетiлдiру;
д) кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, мәселелер мен ұйымдардың мемлекетпен қаржы тұрғысынан өзара қарым-қатынасын жетiлдiре түсу және қаржы ресурстарының келешекте өсе түсуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеу, шетелде жұмыс iстеп жатқан немесе жаңадан құрылған кәсiпорындарға мемлекеттiк инвестиция мәселелерiнде республиканың басқа елдердегi мүддесiн қорғау;
е) Қаржы министрлiгiнiң қызметiнде заңдылықты нығайту, салық, алымалық және басқа да төлемдердiң бюджетке толық түсуiн құқықтық құралдармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Қаржы минситрлiгi жүйесiндегi мекемелердiң құқтары мен заңды мүдделерiн қорғау.
III бөлiм. Қазақстан Республикасы
қаржы министрлiгiнiң қызметi
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
а) әлеуметтiк-экономикалық даму саласында республика үшiн қаржы жөнiнен жалпы басымдықты анықтау бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
б) Нарықтық қатынасқа өтуге, елiмiздегi инфляция процестерiн шектеп, одан бiртiндеп өтуге, кәсiпкерлiктi қолдауға, халықты әлеуметтiк бағдардағы салық салумен қамтамасыз етуге бағытталған бiрыңғай салық саясатының негiзгi принциптерiн iске асырады;
в) халықтың табысы аз топтарын, бағаның ырықтануы мен нарық қатынасына көшу жағдайында табыс мөлшерi белгiленген адамдарды қаржы жағынан қолдауды қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестiредi;
г) қаржыны перспективалы жоспарлауды жүзеге асыруды, әлеуметтiк-экономикалық дамудың қаржы негiзiн болжауды кiрiстiре отырып, республикадағы бюджет процесiн басқарады, халықтың ақшалай табысы мен шығындары балансымен, ақша-кредит саясатының негiзгi бағыттарымен, басқа да жалпы экономикалық құн балансымен өзара байланыстағы қаржы балансын әзiрлеуге қатысады;
д) республика деңгейiнде бюджеттi жоспарлауды жүзеге асырады, республика бюджетi мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар бюджетiнiң өзара қатынасын қалыптастырады. Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiн құрайды және оны атқарады;
е) республиканың қаржы және кредит жүйесiндегi барлық құрамдас бөлiктерiнiң өзара iс-қимылының тиiмдi нысандарын әзiрлейдi және оларды өмiрге енгiзедi;
е) экономиканы қаржы жағынан сауықтыру, бюджет тапшылығынан бiртiндеп өту және мемлекеттiң iшкi, сыртқы қарыздарының өсуiн тежеу жөнiнде шаралар мен ұсыныстар әзiрлейдi;
ж) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып, ақша айналымын нығайту және ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асырады;
з) қоғамдық өндiрiстiң құрылымдарын қайта құруды, өндiрiс құралдарын жаңалау мен жаңғыртуды, қаржымен қамтамасыз ету жөнiнде, сондай-ақ шетел инвестициясын тартуға қолайлы жағдай жасау жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
и) меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң мемлекеттiк бағдарламасын, жекешелендiрудi дайындау мен өткiзу жөнiндегi нормативтi құжаттарды әзiрлеуге қатысады, бiрыңғай кредит-қаржы саясатын жүргiзу үшiн банктер акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқарады;
к) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының, Қарулы Күштерiнiң, құқық қорғау және сот органдарының ұйымдық құрылымдарын жақсарту және оларды ұстауды арзандату жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарын, Қарулы Күштерiн, құқық қорғау және сот органдарын ұстауға бөлiнетiн бюджет қаржыларын үнемдеп жұмсауға бақылауды жүзеге асырады және осы мәселе бойынша қаржы органдарының жұмысына әдiснамалық басшылық жасайды; еңбекке ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысады;
л) бюджетте көзделген барлық табыстардың түсуiне және орталықтандырылған тәртiппен бөлiнген мемлекет қаржысының үнемделуi мен мақсатты пайдаланылуының қатаң режимде сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
м) Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының, шаруашылық жүргiзушi басқа да субъектiлердiң мемлекеттiк бюджеттi орындауларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiмен бiрлесiп республикалық және жергiлiктi бюджеттiң кассалық орындалуына, табыстардың бюджетке уақтысында және дұрыс аударылуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы банктерiнiң республика бюджетiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын күрделi қаржылар мен басқа да шаралардың қаржыландырылуына бақылау жасайды;
н) халықаралық стандарттарды ескере отырып, бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi ұйымдастырудың бiрыңғай әдiснамалық негiздерiн айқындайды, әзiрленген әдiснаманың практикаға енуiн ұйымдастырады, сондай-ақ меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң есеп пен есеп беруiнiң жай-күйiн бақылайды;
о) меншiктiң барлық нысандарындағы министрлiктердiң, ведомстволардың, басқа да басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бухгалтерлiк есептерi мен баланстарын қарайды, олардың мемлекет алдындағы қаржы мiндеттемелерiнiң орындалу барысын талдайды және тексередi, кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықты болдырмау жөнiнде талап қояды;
п) Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесiп орталықтандырылған республикалық валюта қорының есеп айырысу балансының жобасын жасайды және оның орындалуын бақылайды;
р) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен бiрлесiп, шетел валютасымен алынған кредиттер үшiн есептесудiң, шетелдермен саудадағы валюталық-қаржылық операциялардың тәртiбiн жасайды, Қазақстан Республикасының Үкiметiне шетел мемлекеттерiнiң, банктерiнiң және басқа заңды ұйымдарының заемдер мен кредиттер берулерi туралы халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобалары жөнiнде қорытынды пiкiр және қаржылық негiздеме бередi, шетелдер мен республиканың мемлекеттiк қарызы туралы бiрыңғай есеп жүргiзедi, оларды жабудың көздерiн iздестiредi және ұсынады;
с) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен бiрлесiп шетелдерден түсетiн валютаны аудару мен валюта қаражаттарының республикаға толықтай түсуiн қадағалаудың тетiгiн әзiрлейдi, экспорттық валюта түсiмiн жасырған, сондай-ақ валюта қорына қаржы аударудан жалтарған заңды ұйымдар мен жеке адамдарға санкция қолданады. Республикалық валюта қорын пайдаланудың бағытын қалыптастырады және айқындайды, осы қор қаржысының қозғалысын есепке алып отырады, республика Үкiметiнiң тапсыруы бойынша, валютамен есеп айырысуды жүзеге асырады және оның мақсатына сай жұмсалуын қадағалайды;
т) мемлекеттiк iшкi заемдар мен ақшалай-заттай лотереяларды шығару және оны орналастыру туралы ұсыныстар әзiрлейдi, ұтыс тираждарын өткiзу мен мемлекеттiк iшкi заемдар мен лотереялардың орнын толтыруды ұйымдастырады, республикалық лотереяны өткiзудiң шарттарын, сондай-ақ жергiлiктi заемдарды шығарудың жалпы көлемi мен шарттарын келiсудi жүзеге асырады;
у) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын шығаруды және оның айналымын реттеудi жүзеге асырады.
ф) бағалы қағаздар нарқына шетел мемлекеттерi эмитенттерiнiң қатысуына рұқсат бередi, шетел инвесторларының бағалы қағаздарды алуына республиканың Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi берген рұқсатпен келiседi;
х) Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Ұлттық банкiмен бiрлесiп жиынтық кредит жоспарын түзедi және республиканың басқа елдермен кредит және есеп айырысу операцияларының жай-күйiн, касса жоспарларының орындалуын зерделейдi және оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
ц) кадрларды таңдап, орналастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүйесiнiң ұйымдары мен мекемелерiн бiлiктi кадрлармен қамтамасыз етедi, мамандар дайындауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
ч) қаржыландырудың орталықтандырылған көздерiнен сол мақсаттарға арнап бөлiнген қаражат есебiнен тұрғын үйлер мен әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық объектiлердiң құрылысын жүргiзу жөнiнде тапсырыс берушi қызметiн жүзеге асырады;
ш) қаржы заңдарының қолданылу тәжiрибесiн қорытады, оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заңдар мен басқа да нормативтi актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады, Министрлiкке түскен жобалар жөнiндегi қорытынды пiкiр бередi, Министрлiк жүйесiндегi заң қызметiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша әдiстемелiк нұсқауларды дайындайды;
щ) кеден iсiнiң мiндеттерi шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен "Қазақстан Республикасының кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес өзара iс-қимыл жасайды.
Ескерту. 6-шы тармақтың "у" тармақшасы жаңа редакцияда -
ҚРМК-нiң 1995.08.01. N 1058 қаулысымен.
Ескерту. 6-тармақ жаңа тармақшамен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1996.04.29. N 520 қаулысымен.
IV бөлiм. Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң құқтары
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi:
а) өзiне ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi құру, қайта құру және тарату мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешуге;
б) министрлiктерден, ведомстволардан, концерндерден, ассоциациялардан, шаруашылық құрылымдардың басқа түрлерiнен, кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден, статистикалық және басқа органдардан салық салу объектiлерiнiң құрамы мен көлемi туралы есеп беру мен баланстарды және басқа материалдарды, республикалық валюта бюджетiнiң жобасын түзу және оны орындау үшiн қажеттi сыртқы көлемдер жөнiнде келiсiмдер туралы ақпаратты алуға, мекемелердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржы мiндеттемесiн орындауын, мемлекеттiк қаржы тәртiбiнiң сақталуын, сондай-ақ министрлiкке жүктелген басқа да қызметтердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
в) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнен ай сайын қалдықтардың мөлшерi, бағалы металдар мен асыл тастардың түсуi мен өткiзiлу көлемi туралы ақпарат алып отыруға, Ұлттық банкiмен бiрлесiп бағалы металдар мен асыл тастарды өткiзуден түскен валютаны Республиканың валюта қорына аударуды қамтамасыз етуге;
г) Экономиканы қайта құру қорына, Минеральды шикiзат ресурстарын ұдайы өндiру және жер қойнауын қорғау қорына, Жол қорына, Еңбекпен қамтуға жәрдемдесу қорына, Зейнетақы қорына, Әлеуметтiк сақтандыру қорына, Республикалық валюта қорына, республиканың басқа да арнаулы қорларына, сондай-ақ жекешелендiру жөнiндегi арнайы есепшотқа аударылуға тиiстi қаржылардың түсуi мен жұмсалуына бақылау жасауға;
д) қажет болған жағдайда облыстардың бюджеттерiндегi кассадағы уақытша айырманы жабу үшiн, ол қарыз сол жылдың көлемiнде қайтарылады деп, республикалық бюджеттен қарыз беруге;
е) министрлiктер мен ведомстволарда, кәсiпорындарда, бiрлестiктерде, мекемелер мен ұйымдарда шаруашылық жүргiзу әдiстерiне қарамастан, республиканың қаржы ресурстарының келешекте өсе түсуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеу мақсатымен мемлекетпен өзара қаржы қатынасының нысандарын жетiлдiру жөнiнде зерттеу жүргiзуге;
е) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп бюджеттiң кассалық орындалуының тәртiбiн анықтауға және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
ж) мекемелер, кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн тәркiленген қожайыны жоқ мүлiктi, мирасқорлық құқы бойынша мемлекет иелiгiне өткен қазыналарды, сондай-ақ ломбардтар қабылдаған және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз мерзiмiнде қайтып алынбаған бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есептеудiң, бағалаудың және өткiзудiң тәртiбiн белгiлеуге, зергерлiк бұйымдардың импортқа лицензиясын қарап, пәтуа жасауға;
з) меншiк нысандарына қарамастан, министрлiктерге, ведомстволарға және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге бюджеттiк, валюта-қаржы заңдарын, бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзушылықты жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге;
и) бағалы қағаз нарқына қатысушылардан мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар туралы қажеттi ақпарат сұрауға;
(к)
л) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмi бойынша бухгалтерлiк есеп пен есеп беру, бюджеттiк және валюталық-қаржылық реттеудiң мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ведомстволық актiлердiң күшiн тоқтатуға;
м) Қазақстан Республикасы алатын сыртқы заемдар туралы келiсiмдерге және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес заем алушылар алатын сыртқы заемдарға байланысты Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiне Қазақстан Республикасы атынан қол қоюға;
н) бюджет қаражатын заңсыз және мақсатсыз жұмсағанда , сондай-ақ жұмсалған қаражат туралы есептердi және белгiленген есеп берудi тапсырмағанда, кәсiпорындарды, мекемелердi, ұйымдарды, бұл жөнiнде тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың басшыларын хабардар ете отырып, республикалық бюджеттен қаржыландыруды шектеуге, қажет болған жағдайда оны тоқтатуға, министрлiктiң құзыретi шегiнде, қолданылып жүрген заңмен белгiлеген басқа да санкцияларды қолдануға хұқылы;
о) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы Ережеде көрсетiлген құқтармен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне (министрге) қолданылып жүрген заң беретiн басқа да құқықтарға ие бола алады.
Ескерту. 7-тармақтың "г" тармақшасындағы сөздер алынып
тасталды - ҚРМК-нiң 1995.06.09. N 809 қаулысымен.
Ескерту. 7-шi тармақтың "и" тармақшасы жаңа редакцияда және
"к"тармақшасы алынып тасталды - ҚРМК-нiң
1995.08.01. N 1058 қаулысымен.
V бөлiм. Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң жұмысын ұйымдастыру
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн Республика Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Министр басқарады.
Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын (босататын) орынбасарлары болады. Бас салық инспекциясының Бастығы - министрдiң бiрiншi орынбасарын және Бас кеден басқармасының бастығы - министрдiң бiрiншi орынбасарын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды (босатады). Министрдiң орынбасарларының мiндеттерiн Министрдiң өзi белгiлеп бөледi.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнде Министр (алқа төрағасы), лауазымдары бойынша орынбасарлары, сондай-ақ Министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi құрамына енетiн алқа құрылады.
Министрлiк алқасының мүшелерiн министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. Министрлiктiң алқасы өздерiнiң үнемi өткiзiп отыратын мәжiлiстерiнде Министрлiктiң құзырына жататын мәселелердi қарастырады.
Алқаның шешiмдерi, әдетте, Министрдiң бұйрығымен өмiрге енгiзiледi. Министр мен алқаның арасында келiспеушiлiк бола қалған жағдайда, министр өз шешiмiн өмiрге енгiзедi.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Министрлiк құзыретi шегiнде қолданылып жүрген заңдардың, Үкiмет қаулыларының негiзiнде, оларды орындау үшiн бұйрықтар, нұсқаулар шығарады, жергiлiктi қаржы, салық және кеден органдарының орындауы үшiн нұсқаулар бередi, олардың орындалу барысын бақылауды ұйымдастырады, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi мен ведомстволарының басшыларымен бiрлесе отырып, бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады.
Халық шаруашылығын қаржылық-бюджеттiк жоспарлау мен қаржыландырудың, бюджетке түсетiн төлемдердiң аударылуы мен алынуының тәртiбi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiн орындау бойынша есеп берудi жүргiзу, Қазақстан Республикасының аумағында бағалы қағаздарды шығару мен олардың айналымының тәртiбi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң шығарған бұйрықтарын, нұсқамалары мен нұсқауларын барлық министрлiктер, сондай-ақ қай ведомствоға бағынатынына қарамастан, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар мiндеттi түрде орындауға тиiс.
11. Қаржы, кредит, ақша айналымы саласындағы ғылыми зерттеулердiң теориялық деңгейiн, сапасын, практикалық маңызын көтерудi, сондай-ақ тауар-ақша қатынасының жалпы жиынтығын, халық шаруашылығы мен әлеуметтiк-мәдени саланы қаржылық-бюджеттiк тұрғыдан жоспарлау мен қаржыландыру, салық салу және басқа мәселелер бойынша шығарылған нормативтiк актiлердiң көпке кеңiнен таныс болуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң өз баспа органы болады.
12. Халық шаруашылығын қаржылық-бюджеттiк жоспарлау мен қаржыландырудың әдiстемесiн, бухгалтерлiк есеп пен есеп берудiң әдiснамасын жетiлдiру туралы ұсыныстарды қарау үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнде қажет жағдайда тиiстi мәселелер бойынша жоғары бiлiктi мамандардан, ғалымдардан, басқа ұйымдардың өкiлдерiнен әдiстемелiк (әдiснамалық) кеңестер құрылады. Әдiстемелiк (әдiснамалық) кеңестердiң құрамын және олар туралы Ереженi Министр бекiтедi.
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi белгiленген саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратының штатын, сондай-ақ министрлiктiң басқармалары мен бөлiмдерi, оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚРМК-нiң
1995.02.06. N 115 қаулысына сәйкес.
14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңды ұйым болып табылады, оның банкте есепшоты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған мөрi бар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ
Күшін жойғанҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1993 жылғы 8 желтоқсан N 1225. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.09.13. N 1117 қаулысымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз