Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының отын-энергетика кешендерi кәсiпорындарының өзара есеп айырысуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 желтоқсан 1993 ж. N 1241

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының отын-энергетика кешендерiнiң жұмысын тұрақтандыру және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң өзара берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне, Ресей Федерациясына беруге арналған 800 мың тонна мұнайды "Қазақстанмұнайгаз" сыртқы экономикалық фирмасы арқылы орталықтандырылған тәртiппен Украина, Белоруссия және ТМД-ның басқа да елдерiнiң коммерциялық құрылымдарына Ресей сомына сатуына, ал одан түскен қаржыны Ресей Федерациясының мұнай өндiрушi кәсiпорындарына берешектi өтеуге жұмсауына рұқсат етiлсiн.
      2. "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарымен бiрлесiп, "Қазақстанмұнайгаз" сыртқы экономикалық фирмасының ұсынуы бойынша осы көрсетiлген мұнай көлемiнiң құнын Қазақстан мұнай өндiру бiрлестiктерiне төлеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Сыртқы

экономикалық байланыстар министрлiгi "Қазақстанмұнайгаз"
сыртэкономикалық фирмасына тиiстi квоталар қарастырсын және 
лицензиялар беретiн болсын.
     (4 тармағы)
<*>
. 
     Ескерту. Осы қаулының 4-тармағының күшi жойылды. ҚРМК -нiң
              1994 ж. 15 тамыздағы N 904 қаулысына сәйкес.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады