Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 17 желтоқсан N 1265. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.05.03. N 552 қаулысымен.

      Мемлекеттiк басқару органдары мен қоғамдық ұйымдардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия құрылсын.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия туралы осыған қосылған ереже мен осы Комиссияның адам құрамы N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Комиссия мемлекеттiк басқару органдарының, жергiлiктi әкiмдердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ жол-көлiк оқиғаларынан сақтандыру жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға байланысты мәселелер жөнiндегi қызметiн үйлестiретiн үкiметтiк салааралық кеңесшi орган болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Комиссияның ұйымдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы аппаратының штат саны шегiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi сектор құрып, оған Комиссияның жұмыс органының функциясы жүктелсiн.
      4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне өздерiнiң жанынан жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi комиссиялар мен жұмыс органдарын құру ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiне жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру мәселелерi бойынша кешендi ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыс жүргiзу жүктелсiн.
      6. "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң әлемдiк стандарттарын енгiзу мақсатында жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын және инженерлiк ғимараттарды жаңғырту мен дамытудың кешендi шараларын әзiрлеп жүзеге асырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Мемлекеттiк автомобиль инспекция органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, оның бөлiмшелерiн осы заманғы талаптарға сай келетiн көлiк құралдарымен бақылау және диагностика приборларымен, компьютерлiк техникамен жасақтау жөнiндегi қажеттi шараларды қолдансын.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi осы қаулының 5-7 тармақтарында көзделген жұмыстарды жүргiзу үшiн 1994 жылдан бастап қаржы бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      9. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң нормаларын қамтамасыз ету мақсатында қалалар мен поселкелердiң көше желiсiн жаңғырту мен дамыту, оларды жол қозғалысын реттейтiн қажеттi техникалық құралдармен жабдықтау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеп, жүзеге асырсын.
      10. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң N 2 қосымшадағы шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 17 желтоқсандағы
                                          N 1265 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
           жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз
                      ету жөнiндегi комиссия туралы
                              Ереже
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия (бұдан былай Комиссия) кеңесшi үкiметтiк және салааралық орган болып табылады, оның басты мақсаты мен мiндетi - министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi әкiмшiлiк басшыларының, меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және қоғамдық ұйымдардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiстi мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеп, жүзеге асыруға, осы мақсаттарға бөлiнген ресурстарды тиiмдi пайдалануға байланысты мәселелер жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
      2. Басты мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес Комиссия өз қызметiн мынадай бағыттар:
      автокөлiк пен қалалық электр көлiгiнде авариялылықтың себептерiн зерделеу мен талдау және жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды талдап жасау;
      жол-көлiк ахуалын оңалтуға әрi авариялылықты азайтуға бағытталған iрi-iрi мемлекеттiк және аймақтық бағдарламалардың жобалары мен шаралардың басым бағыттарын анықтау және оларды әзiрлеп жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      ғылыми-техникалық әлеует пен материалдық-техникалық ресурстарды дамытып, оларды жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң басым бағыттарына: қалалар мен елдi мекендердiң автомобиль жолдары мен көше желiсiн салу және қайта құру, жылжымалы құрамның техникалық сипаттарын жақсарту, жол қозғалысын басқарудың осы заманғы техникалық құралдарын енгiзу, Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы қызметтерiн жетiлдiру, көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң кәсiптiк деңгейiн көтеру, халықтың барлық жастағы топтарына жол қозғалысы ережелерiн үйрету бағдарламаларына шоғырландыруға жәрдемдесу;
      жол қозғалысы ережесiне, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актiлерiне жол қозғалысы қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қажеттi өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу;
      министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi әкiмшiлiктер басшыларының, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен қоғамдық ұйымдардың жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауыртпалығын бәсеңдету мәселелерi жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн зерттеу, осы жұмыстың оң тәжiрибесiн тарату;
      министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi әкiмшiлiк басшыларының, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, қоғамдық ұйымдардың жол қозғалысы қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын талдау және сол мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау;
      жергiлiктi, ведомстволық жол қозғалысы қауiпсiздiгi қызметтерi мен қоғамдық ұйымдардың жұмысына жәрдемдесiп, көмек көрсету;
      халықтың барлық жастағы топтарына жол қозғалысы ережелерiн үйретудi ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жол қозғалысы қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмдi насихаттау;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгi саласындағы шетелдiк озық тәжiрибенi зерттеу, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қолдаудың халықаралық ұйымдық тетiктерiн енгiзуге ұсыныстар әзiрлеу бойынша жүзеге асырады.
      3. Комиссияның:
      министрлiктерден, ведомстволардан, басқа да мемлекеттiк басқару органдары мен жергiлiктi әкiмшiлiк басшыларынан жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң мәселелерi жөнiндегi қызметiн бейнелейтiн мәлiметтердi сұратып алуға;
      министрлiктерде, ведомстволарда, жергiлiктi әкiмшiлiктердiң аппаратында, шаруашылық басқару органдарында, кәсiпорындар мен ұйымдарда жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша тексеру өткiзудi ұйымдастыруға;
      өз мәжiлiстерiнде атқару өкiмет пен мемлекеттiк басқару органдары басшыларының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi хабарламалары мен есебiн тыңдауға;
      министрлiктерге, ведомстволарға және басқа да ұйымдарға жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру мәселесi бойынша материалдар дайындауды тапсыруға;
      тиiстi министрлiктер, ведомстволар мен ғылыми-зерттеу мекемелерi басшыларының келiсуi бойынша бiлiктi мамандарды жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша материалдар дайындау, сондай-ақ министрлiктер, ведомстволар мен басқа да ұйымдардың Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң осы мәселелер жөнiндегi қаулыларымен таныстыру үшiн тартуға;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру мәселесi бойынша заң және үкiмет актiлерiн, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық туралы шарттарды талдап жасауға ұсыныстар енгiзуге және қатысуға;
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен бiрлесе отырып жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру, сондай-ақ жол көлiк оқиғаларының алдын алу жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру мәселелерi бойынша хаттама түрiнде шығарылатын және республиканың, аумақтық, салалық басқару органдарының бәрiне орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдауға құқығы бар.
      4. Комиссия өз жұмысын Комиссия төрағасы бекiткен жоспарға сәйкес жүргiзедi. Комиссия мәжiлiсi тоқсанына - кем дегенде бiр рет өткiзiледi. Комиссия мүшелерi оның мәжiлiстерiне алмасу құқынсыз қатысады.
      Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
      5. Комиссияның жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi секторы атқарып, оның қызметiне ұйымдық-техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi, жұмыс жоспарларының жобасын қалыптастырады; комиссияның мәжiлiстерiн әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады, қабылданған шешiмдердiң орындалу барысын бақылайды.
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi

мемлекеттiк комиссиясының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
жөнiндегi секторы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы бекiтедi.
     Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi сектордың
меңгерушiсi лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы төрағасының орынбасары
болып табылады.
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1993 жылғы 17 желтоқсандағы
                                         N 1265 қаулысына
                                          N 1 қосымша
            Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
          жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз
                   ету жөнiндегi Комиссияның адам 
<*>

     Ескерту. Комиссия құрамына өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
              22.12.1994 ж. N 1469 қаулысымен. 

                             Құрамы
Макиевский М.Н.    - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                     жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы,
                     Комиссия төрағасы
Панов Ю.В.         - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
                     министрiнiң бiрiншi орынбасары, Комиссия 
                     төрағасының орынбасары 
<*>

Бекболатов Ш.Х.    - "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк
                     компаниясының президентi, Комиссия төрағасының
                     орынбасары
Ковальчук А.В.     - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер 
                     министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль 
                     инспекциясы Бас басқармасының бастығы, Комиссия
                     төрағасының орынбасары
<*>

Сәрсенов Н.С.      - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                     жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының сарапшысы,
                     Комиссияның хатшысы 
<*>

 
                   
                   Комиссия мүшелерi:
Адайбеков М.Е.     - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                     жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi
                     Бас басқармасының бастығы
Дүйсекеев А.       - Қазақстан Республикасының Денсаулық министрiнiң 
                     бiрiншi орынбасары 
<*>

Базылов Қ.         - Қазақстан Республикасы Байланыс министрiнiң
                     бiрiншi орынбасары 
<*>

Балин В.Ф.         - Қазтұтынуодағы басқармасы төрағасының бiрiншi
                     орынбасары
Мұқашев Ж.Д.       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 
                     бiрiншi орынбасары
<*>

Бижанов Н.Қ.       - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                     жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы төрағасының
                     орынбасары
Жанабаев Т.М.      - Қазақстан Республикасы Көлiк құралдарын 
                     жүргiзушiлер одағы орталық кеңесiнiң төрағасы
Иманғалиев Т.Т.    - Қазақстан Республикасының ӘАФКЕО орталық
                     комитетiнiң төрағасы 
Кавалерчик С.Б.    - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                     жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас
                     басқарма бастығының бiрiншi орынбасары 
Есырев О.В.        - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрiнiң 
                     бiрiншi орынбасары 
<*>

Кравчук А.В.       - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                     жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының Төтенше
                     жағдайдың алдын алу және iс-қимыл жасау 
                     бөлiмiнiң меңгерушiсi 
Молдажанов Р.К.    - Қазақстан Республикасының Кәсiподақтар 
                     Федерациясы Кеңесi төрағасының орынбасары 
<*>

Асқаров Ә.А.       - Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық
                     ақпарат министрiнiң орынбасары
<*>

Мамаханов Ю.А.     - Қазақстан Республикасының Президентi мен 
                     Министрлер Кабинетi Аппаратының Мемлекеттiк 
                     басқару органдары бөлiмi меңгерушiсiнiң 
                     орынбасары 
Молғаждаров А.А.   - Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабы
                     бастығының мiндетiн атқарушы
Смағұлов Қ.М.      - Қазақстан Республикасының Экономика министрiнiң
                     бiрiншi орынбасары 
<*>
<*>

Сүнтаев Т.И.       - Қазақстан Республикасының Президентi мен 
                     Министрлер Кабинетi Аппаратының Құқық қорғау 
                     органдары бөлiмiнiң референтi 
Полюхович Л.Г.     - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                     жанындағы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз
                     жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетi 
                     төрағасының орынбасары 
<*>

Аткешов Ж.С.       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 
                     министрiнiң орынбасары 
<*>

Коробейников А.И.  - Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң
                     бiрiншi орынбасары 
<*>

Хакимов Ш.Р.       - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Бас
                     штабының Әскери автоинспекциясының бастығы 
<*>

       
     Ескерту. Комиссия құрамына өзгертулер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
              1995.04.05. N 396 қаулысымен.
     Ескерту. Комиссия құрамына өзгертулер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
              1995.05.19. N 714 қаулысымен.            
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                    1993 жылғы 17 желтоқсандағы
                                        N 1265 қаулысына
                                         N 2 қосымша
            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
                          шешiмдерiнiң
                             Тiзбесi


      1. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Республиканың қалаларында, басқа елдi мекендерi мен автомобиль жолдарында қозғалыс қауiпсiздiгiн арттыру туралы" 1968 жылғы 27 ақпандағы N 114 қаулысының 3 тармағы (Қазақ ССР ҚЖ, 1968 ж., N 4, 40-бап).
      2. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия туралы ереженi бекiту туралы" 1979 жылғы 10 мамырдағы N 197 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1979 ж., N 11, 28-бап).
      3. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның құрамын бекiту туралы" 1979 жылғы 4 мамырдағы N 192 қаулысы.
      4. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" 1980 жылғы 22 сәуiрдегi N 167 қаулысы.
      5. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" 1981 жылғы 12 наурыздағы N 104 қаулысы.
      6. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" 1984 жылғы 31 тамыздағы N 375 қаулысы.
      7. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" 1986 жылғы 14 сәуiрдегi N 141 қаулысы.
      8. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" 1988 жылғы 5 қыркүйектегi N 436 қаулысы.
      9. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" 1990 жылғы 2 қаңтардағы N 1 қаулысы.
      10. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" 1990 жылғы 8 тамыздағы N 318 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады