ҚАЗАҚ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСIБI ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 20 желтоқсан 1993 ж. N 1272

      Агроөнеркәсiп кешенiнiң тамақ өнеркәсiбi салаларын ғылыми қамтамасыз етудi жақсарту, ғылыми әлеуеттi барынша толық пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы мен "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу жобалау-технологиялық институты ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлiмiнiң негiзiнде Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу институтын құру және оны Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының қарамағына беру жөнiнде Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      Аталған институтты құру Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлген қаржы және материалдық ресурстарының, бюджеттiк қаржылары мен басқа да лимиттерi мен нормативтерi шегiнде жүргiзiлетiн болсын.
      2. Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу институтына тамақ өнеркәсiбiнiң наубайхана, кондитерлiк, қант, май, жемiс-консервi, шарап жасау, сыра-алкогольсыз сусын, спирт, ликер-арақ, ашытқы, шай және темекi өндiрiсi салаларын ғылыми қамтамасыз етудi мына бағыттарда жүргiзу:
      биотехнологияның, микробиологияның, мембранды технологияның, толқынды пысықтаудың, экструзияның және басқа өнiмнiң сапасын жақсартып, оның сақтау мерзiмiн ұзартатын әдiстерi негiзiнде жаңа технологиялық процестердi әзiрлеу;
      шикiзаттың жергiлiктi және дәстүрлi емес түрлерiн пайдалана отырып өнiмнiң жаңа түрлерiн әзiрлеу;
      шикiзат және отын-энергетикалық ресурстарын үнемдеуге мүмкiндiк беретiн қалдықсыз технологиялар жасау;
      тамақ өнеркәсiбi салаларына арналған жабдықтар жасау және оларды жетiлдiру;
      тамақ тауарларының маркетингi;
      тамақ өнеркәсiбi салаларын дамыту және олардың жұмысын

экономикалық реттеудiң механизмiн (басқару, қаржыландыру, баға
және салық саясатын) жасау жүктелсiн.
     3. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясына 2 айлық мерзiм
iшiнде Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу институтының құрылымын
бекiту ұсынылсын.
     4. Алматы қаласының әкiмi, "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк 
компаниясы және Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы Мемлекеттiк
мүлiк жөнiндегi қалалық комитетпен бiрлесiп, институтты, оның
дамуын ескере отырып, бiр ай iшiнде орналастыру мәселесiн шешетiн
болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады