ТАУАРДЫҢ БЕЛГIЛI БIР ТҮРЛЕРI НАРҚЫНЫҢ ШЕКАРАЛАРЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГIЗУШI СУБЪЕКТIНI МОНОПОЛИСТ ДЕП ТАНУ ТӘРТIБI ЖӨНIНДЕГI УАҚЫТША ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1993 жылғы 20 желтоқсан N 1275. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.08.17. N 1076 қаулысымен. ~P011076

      Мемлекеттiк монополияға қарсы саясатты күшейтуге қатысты Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар мен әлеуметтiк-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Тауардың белгiлi бiр түрлерi нарқының шекараларын анықтау және шаруашылық жүргiзушi субъектiнi монополист деп тану тәртiбi жөнiндегi қоса берiлiп отырған Уақытша ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      аталған Уақытша ережеге сәйкес Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң мемлекеттiк тiзiмiнiң республикалық және аймақтық бөлiмдерiне 1994 жылдың 1 қаңтарына дейiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң бекiтiлген Мемлекеттiк тiзiмi республикалық баспасөзде жариялансын.
      3. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiмiне енгiзiлгеннен кейiн шаруашылық жүргiзушi субъект тауардың белгiлi бiр түрлерiнiң тиiстi нарығында монополист болып саналсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                     1993 жылғы 20 желтоқсандағы
                                         N 1275 қаулысымен
                                          Бекiтiлген
             Тауардың белгiлi бiр түрлерi нарқының шекараларын
               анықтау және шаруашылық жүргiзушi субъектiнi
                  монополист деп тану тәртiбi туралы
                              Уақытша ереже
                    I. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже Қазақ КСР-нiң "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы", "Тұтынушылар құқын қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" 1993 жылғы 29 наурыздағы N 242 қаулысымен бекiтiлген Ережесiне сәйкес республикалық және жергiлiктi тауардың белгiлi бiр түрлерi нарқының шекараларын анықтаудың және шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тиiстi нарықта монополист деп танудың тәртiбiн реттейдi .
      Қаржы және қор нарықтарына, сақтандыру қызметiнiң нарқына
      байланысты қатынастар ҚР басқа заң актiлерiмен реттеледi.
      2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өндiру, өткiзу қызметiмен шұғылданатын, барлық меншiк нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге таратылады .
      Бұл арада өндiрiстiк сипаттағы жұмыстар мен қызметтер
      (құрылыс, жөндеу жұмыстары, даярлау, сауда, жабдықтау-өткiзу,
      көлiктiк және т.б. қызметтер) қаралып отыр.
      3. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар:
      "тауардың белгiлi бiр түрiнiң нарығы" - тұтынушыларға алуға болады деп есептейтiн шектегi нақты тауардың немесе өзара алмастырылатын тауарлар топтарының айналыс аймағы;
      "тауардың белгiлi бiр түрлерi нарығының шекаралары" - сатушы үшiн тауарды (жұмысты, қызметтi) сатудың немесе алмастырудың және тұтынушы үшiн тауарды (жұмыстарды, қызметтердi) алудың өзiне қолайлы шарттар мен бағалар бойынша мүмкiндiгi сақталатын аталған тауардың (өзара алмасатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер) айналыс шегi.
      Ұқсас, өзара алмастырылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әр түрiнiң өзiнiң айналымының географиялық ауданын белгiлейтiн жеке нарығы бар.
      Нарық шекарасы бiр облыстың шегiнен шығып кететiн белгiлi бiр тауар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң жиынтығы республикалық нарықты құрайды.
      Бiр облыстың, қаланың, ауданның, елдi мекеннiң басқа да жергiлiктi аумақтың шегiнде жатқан белгiлi бiр тауар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң жиынтығы жергiлiктi нарықты құрайды.
      "ұқсас, өзара ауыстырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер)" - бұл ұқсас сұраныс ерекшелiктерi бар (сапа стандарты, техникалық сипаттамасы бойынша) және ұқсас тұтынушылықты қанағаттандыруға арналған бiр тұтынушылар тобында сұранысы бар әрi тауардың (қызметтiң, жұмыстың) басқа тауар орнына қолданылған кездегi қосымша шығындары мен жарнамаға арналған шығындары ұқсас тауарлар;
      "нарықтық үлес" - шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) және ұқсас, өзара ауыстырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), олардың әкелiнуiн және әкетiлуiн ескере отырып, республикалық және жергiлiктi нарықта сату көлемiне қатысу көрсеткiшi.
      Нарықтық үлес шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң аталған тауарды (жұмыстарды, қызметтердi) республикалық немесе жергiлiктi нарықта сату (өткiзу, жеткiзу) көлемi мен осындай ұқсас, өзара ауыстырылатын тауардың (жұмыстың, қызметтiң) сатылу (өткiзу, жеткiзу) көлемiнiң ара қатынасымен анықталады;
      "тауардың белгiлi бiр түрiнiң нарық көлемi" - бұл аталған ұқсас, өзара ауыстырылатын тауарларды (жұмыстардың, қызметтердiң) әкелiнуiн және әкетiлiнуiн ескере отырып (үкiметаралық келiсiм бойынша, бартер бойынша экспортқа, импорт бойынша, биржа, сауда үйлерi арқылы республикаға, облысқа, Алматы және Ленинск қалаларына, республикадан, облыстардан, Алматы және Ленинск қалаларынан тысқары жерлерге) сатудың (табиғи, құн көрiнiсiндегi өткiзу, жеткiзу) көлемi.
 
                    II. Тауардың белгiлi бiр түрiнiң нарықтық
                         шекараларын анықтау
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Монополист кәсiпорындардың еркiн (нарықтық) бағалар бойынша өткiзетiн өнiмдерiне бағаларды мемлекеттiк реттеу туралы" 1992 жылғы 29 қыркүйектегi N 814 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 37, 570-бап), сондай-ақ Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1993 жылғы 28 маусымдағы N 547 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (оның аумақтық органдары), Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (оның аумақтық органдарының), сондай-ақ "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы акционерлiк қоғамының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Бас кеден басқармасының, Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқарманың, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Өнеркәсiп министрлiгi мен Сауда министрлiгiнiң, Құрылыс, тұрғын үй және аумақта құрылыс жүргiзу министрлiгi мен Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi мен ведомстволары мәлiметтерiнiң, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, тұтынушылар қоғамдарының, тауардың белгiлi бiр түрiнiң өндiрiсi мен нарығын дамыту жөнiндегi басқа да материалдарының негiзiнде нарықтың шекарасын, тауардың белгiлi бiр түрiнiң тиiстi нарығында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң үстем жағдайын айқындайды.
      5. Тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) алуға қолайлы мынадай жағдайларда қамтамасыз етiледi:
      аталған аймақта белгiлi бiр баға бойынша нақты тауарды (тауар тобын) алуға мүмкiндiк болғанда;
      көлiк шығындарының тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құнына қатысы негiздi болып, есесi қайтқанда;
      тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) сапасы, кепiлдiгi, басқада тұтынушылық қасиеттерi сақталғанда;
      тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) бағасы сапасына сәйкес болғанда;
      тауарды (жұмыстарды, қызметтердi) әкелiп-әкетуге, сатып алуға, сатуға шектеу қойылмағанда;
      тауарды (жұмыстардың, қызметтердiң) өндiру, сату, жеткiзу жүзеге асырылатын аумақ шегiнде бәсекелестiкке тең жағдай болғанда.
      6. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемкомитетi (оның аймақтық органдары) тауарлардың белгiлi бiр түрлерiнiң республикалық және жергiлiктi нарық шекараларын анықтауды;
      жылына кем дегенде бiр рет жүргiзiлуi ҚР Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 қыркүйектегi N 814 қаулысында көзделген Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң мемлекеттiк тiзiмiн жасаған кезде;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң негiзделген өтiнiшi жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тиiстi нарықтағы нарықтық үлесiн анықтаған кезде;
      тауардың белгiлi бiр түрлерi нарқының жағдайын талдаған кезде;
      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдарын бұзу фактiлерi табылған кезде;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң қызметiн реттейтiн қосымша шаралар белгiлеген кезде жүзеге асырады.
      7. Тауардың белгiлi бiр түрiнiң республикааралық нарқының шекаралары сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкiметаралық келiсiмдердi ескере отырып белгiленедi.
 
                    III. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнi
                      монополист деп танудың тәртiбi
      8. Қазақ КСР-iнiң "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Заңына сәйкес iс-әрекетi бәсекелестiктi болдырмауға, шектеуге, шеттеуге бағытталған және тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) белгiлi бiр түрi нарығындағы үлесi Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жыл сайын белгiлейтiн шектi мөлшерде асып түсетiн шаруашылық жүргiзушi субъект монополист болып саналады.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң нарықтық үлесiнiң белгiленген шектi мөлшерден асып түсуi оның тауардың белгiлi бiр түрiнiң нарығында үстем жағдайға ие екенiн дәлелдейдi.
      Бұл орайда тауардың белгiлi бiр түрi нарығындағы үлесi 35 проценттен аспайтын шаруашылық жүргiзушi субъект үстем жағдайға ие бола алмайды.
      9. Тауардың белгiлi бiр түрiнiң нарқын талдау мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң республикалық және жергiлiктi нарықтардағы үстем жағдайларын айқындауды осы ереженiң N 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (оның аймақтық органдары) жүргiзедi.
      10. Шаруашылық жүргiзушi субъект сондай-ақ республикалық және жергiлiктi нарықтарда мынадай жағдайларда монополист деп танылады:
      шаруашылық жүргiзушi субъект табиғи, рұхсат етiлген монополияға ие болса;
      мемлекеттiк монополия объектiлерiне жататын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өндiрсе, сондай-ақ қызмет түрлерiне ие болса.
      11. Өндiрiлуi жаңа технологиямен және ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiн қолданумен байланысты теңдесi жоқ әрi сұраныспен пайдаланылатын жаңа тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзе отырып, белгiлi бiр тауарлар түрiнiң нарығына алғаш енген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң үстем жағдайы екi жыл бойы монопольдi деп табылмайды.
      12. Тауардың белгiлi бiр түрлерiнiң республикалық немесе жергiлiктi нарықтағы нарықтық үлесi үстем болып отырған шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң мемлекеттiк тiзiмiне енгiзiледi.
      Шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң Мемлекеттiк тiзiмге енгiзiлуi тауардың белгiлi бiр түрiнiң республикалық және жергiлiктi нарқында монополист екендiгiн бiлдiредi.
      Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiмiн жасау мен жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi айқындайды.
      13. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен Шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң мемлекеттiк тiзiмi республикалық және жергiлiктi баспасөзде жариялануға жатады.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң монополист болып танылғандығы туралы шешiм (N 5 қосымша) жөнiндегi хабар Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Қаржы министрлiгiне, Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне, жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарына, мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға, шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлерге хабарланады.
      14. Шаруашылық жүргiзушi субъект тауардың белгiлi бiр түрiнiң республикалық және жергiлiктi нарқында монополист болып танылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (оның аумақтық органдары) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады.
 
                    IV. Мемлекеттiк органдар, шаруашылық жүргiзушi
                   субъектiлер лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi
      15. Тауарлардың белгiлi бiр түрлерiнiң нарықтық шекараларын және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң үстем жағдайын анықтау үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне (оның аумақтық органдарына) белгiленген мерзiмде тапсырмағаны немесе қасақана күмәндi (жалған) мәлiметтер бергенi үшiн мемлекеттiк органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.
 

                                   Тауарлардың белгiлi бiр түрлерi



                                   нарқының шекараларын анықтау

                                     және шаруашылық жүргiзушi

                                   субъектiнi монополист деп тану

                                   тәртiбi туралы Уақытша ережеге

                                           N 1 қосымша



 
              Тауардың белгiлi бiр түрiнiң республикалық (жергiлiктi)
                     нарықтағы үстем жағдайын анықтау
                              (Кесте)
 

                                   Тауарлардың белгiлi бiр түрлерi



                                   нарқының шекараларын анықтау

                                     және шаруашылық жүргiзушi

                                   субъектiнi монополист деп тану

                                   тәртiбi туралы Уақытша ережеге

                                           N 2 қосымша



 
              Тауар өткiзу жүйесiндегi шаруашылық жүргiзушi
               субъектiнiң (ШС) үстем жағдайын анықтау
                              (Кесте)
 

                                   Тауарлардың белгiлi бiр түрлерi



                                   нарқының шекараларын анықтау

                                      және шаруашылық жүргiзушi

                                   субъектiнi монополист деп тану

                                   тәртiбi туралы Уақытша ережеге

                                           N 3 қосымша



 
              Белгiлi бiр тауар түрлерiнiң республикалық (жергiлiктi)
              нарығындағы агроөнеркәсiп кешенi дайындау ұйымының
                      (ШС) үстем жағдайын анықтау
                              (Кесте)
 

                                   Тауарлардың белгiлi бiр түрлерi



                                   нарқының шекараларын анықтау

                                      және шаруашылық жүргiзушi

                                   субъектiнi монополист деп тану

                                  тәртiбi туралы Уақытша ережеге

                                          N 4 қосымша



 
              Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң (ШС) үстем
                         жағдайын анықтау
                              (Кесте)
 

                                   Тауарлардың белгiлi бiр түрлерi



                                   нарқының шекараларын анықтау

                                     және шаруашылық жүргiзушi

                                   субъектiнi монополист деп тану

                                   тәртiбi туралы Уақытша ережеге

                                           N 5 қосымша




 

                        Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы

                        саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi

                        Қазақстан Республикасының Экономика

                        министрлiгi

                        Қазақстан Республикасының Статистика және

                        талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi

                        ____________________________________________ 

                             (атқарушы өкiмет органының аты)

                        ____________________________________________

                            (шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң аты)


            Шаруашылық жүргiзушi субъектiнi монополист деп

                           тану туралы

                             Шешiм


__________________________________________________________орналасқан

       (шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң аты)

____________________________________________________________________

      (шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң мекен жайы)

Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi

мемлекеттiк комитетiнiң _______жылғы "_____"________________________


_____________________________N _______ шыққан қаулысына сәйкес


Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi монополист

субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiмiне енгiзiледi және _______________


____________________________белгiлi бiр тауар түрiнiң нарығында

   (нарық аты)

монополист деп танылады.


            Комитет төрағасы

                 (күнi)

                                              (қолы)





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады