1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қорының ағымдағы есеп шотына қаражат аударуды мемлекеттiк күрделi салымдарды қаржыландырудың шығыс кесте-жоспарының негiзiнде, онда объектiлердi көрсетусiз және басқа құжаттар табыс етусiз жүргiзу ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен
бәсекелестiктi дамыту қоры және оның облыстық бөлiмшелерi: Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан бөлiнген қаржыны қайтарымдық пен төлемдiк шарттары бойынша беретiн болсын; қаржыландырушы банктермен бiрлесiп, бұл қаржының мақсатты пайдаланылуын әрi дер кезiнде қайтарылуына бақылау орнатсын; Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорының Үйлестiру кеңесiне 1994 жылдың бiрiншi жарты жылдығының жұмыс қорытындылары бойынша бөлiнген қаржының пайдаланылуы туралы ақпарат табыс етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi