1. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсiп ынтымақтастығын дамыту Шаралары (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
Министрлiктер мен ведомстволар Шараларды жүзеге асыру, Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бағдарламалар мен ұсыныстарды уақтылы әзiрлеп оларды қазақ-иран үкiметаралық бiрлескен комиссиясына ұсыну жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
2. Үкiметаралық бiрлескен комиссияның қазақ жағы Қ.Қ. Байкенов
Шаралардың орындалуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн, министрлiктер мен ведомстволардың бағдарламалары мен ұсыныстарын негiзге ала отырып үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсiп ынтымақтастығының кешендi бағдарламасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 желтоқсандағы N 1313 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсiп ынтымақтастығын дамыту жөнiндегi Шаралар (Кесте)