Жүктердi, жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiржол көлiгiмен тасымалдауға арналған тарифтер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 23 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердiң темiржол көлiгiмен тасымалдаудағы бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1994 жылғы 5 қаңтардан бастап мемлекетаралық қатынастағы жүк тасымалдауға арналып қолданылып жүрген тарифтерге шектi көтерiңкi коэффициент 1,16 /қосымша құн салығын есептемегенде/ болып;
      1994 жылғы 15 қаңтардан бастап жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдауға /қала маңындағы қатынастан басқасы/ арналып қолданылып жүрген тарифтерге шектi көтерiңкi коэффициент 2,5 /қосымша құн салығын есептегенде/ болып белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады