1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Экономика министрлiгi, Әдiлет министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерiнiң басшылары мен үкiметтерiнiң басшылары қол қойған тиiстi мемлекетаралық келiсiмдердi белгiленген тәртiппен бекiтуге ұсынатын болсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, басқа да министрлiктер мен ведомстволар Экономикалық одақ құру туралы Шарттың ережелерiн жүзеге асыру туралы келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу және даярлауға қатысу жөнiндегi жұмысты жалғастырсын.
3. Министрлiктер мен ведомстволар қабылданған мемлекетаралық
келiсiмдер мен шешiмдердiң жүзеге асырылуын ұйымдастыратын болсын, қосымшаға сәйкес материалдардың Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне мезгiлiнде даярланып, табыс етiлуiн қамтамасыз ететiн болсын. 4. Шешiмдердiң жүзеге асырылуына, сондай-ақ Экономикалық одақ құру туралы Шарттың ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi келiсiмдер жобаларының әзiрленуiне бақылау жасау Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының тиiстi бөлiмдерiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қаңтардағы N 39 қаулысына Қосымша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi басшылары Кеңесiнiң және үкiметтерi басшылары Кеңесiнiң 1993 жылғы 23-24 желтоқсанда Ашғабат қаласында өткен мәжiлiстерiнде қабылданған мемлекетаралық келiсiмдер мен шешiмдердi жүзеге асыру жөнiндегi құжаттардың жобаларын әзiрлеудiң Жоспар-графигi (Кесте)