Қазақстан Республикасының "Көшiп келу туралы" (21-бап) және "Халықты жұмыспен қамту туралы" (18-бап) заңдарын жұмыс күшiнiң келуiн реттеу және кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың шетел мамандары мен бiлiктi жұмысшыларын тартуына (жұмысқа қабылдауына) лицензия беру жөнiнен жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасына шетел мамандары мен бiлiктi жұмысшыларын тартуға (жұмысқа қабылдауға) лицензия берудiң тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған ереже және шетелден жұмыс күшiн тартуға берiлетiн лицензия нысаны бекiтiлсiн.
2. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер меншiк нысанына, қарастылығына және тiркелу орнына қарамастан, шетел жұмыс үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департаменттiң лицензиясы бойынша ғана тартатын болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департаментке:
шетелден жұмыс күшiн тарту жөнiндегi арыздарды қарау мен лицензиялар беру;
шетел жұмыс күшiн есепке алу олардың еңбек жағдайын реттейтiн және лицензиялар мен басқа да нормативтiк-құқықтық құжаттарының шарттары орындалуын бақылау жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шетелден жұмыс күшiн тартуының тиiмдiлiгiне сараптық зерттеу жүргiзу жүктелсiн.
4. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департаментке шетел жұмыс күшiнiң пайдаланылуы туралы жыл сайын (1 желтоқсанға) ақпарат ұсынып отырсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiм iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнен лицензия бергенi үшiн ақы алу және оны республикалық бюджетке есептеу тәртiбiн анықтасын.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен бiрлесiп, шетелден жұмыс күшiн тарту туралы екiжақты үкiметаралық келiсiмдерге қол қою жөнiнде шетел мемлекеттерiнiң құзырлы органдарымен консультациялар өткiзетiн болсын.
7. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, шетел жұмыс күшiн тiркеу және олардың жүрiп-тұру режимiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
8. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Бас басқармасы шетел жұмыс күштерiн келуiне белгiленген құжаты бар жағдайда және Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департаменттiң лицензиясы бойынша өткiзiлуiн жүзеге асырсын.
9. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департаментпен бiрлесiп, шетел жұмыс күшiнiң пайдаланылуы бойынша статистикалық есеп жүргiзудi енгiзсiн.
10. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жыл сайын
жыл қорытындысы бойынша шетелден жұмыс күшiн тарту жөнiнде
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ақпарат берiп
тұрсын.
11. Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР-iнде шетелден,
сондай-ақ басқа одақтас республикалардан жұмыс күшiн қатыстыруды
(жұмысқа қабылдауды) лицензиялаудың тәртiбi туралы Ереженi
бекiту туралы" 1991 жылғы 15 қазандағы N 606 қаулысының
(Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., N 23, 169-бап) күшi жойылған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 11 қаңтардағы
N 59 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасына шетел мамандары мен
бiлiктi жұмысшыларын тартуға (жұмысқа қабылдауға)
лицензия берудiң тәртiбi туралы
Ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы аумағында шетел мамандары мен бiлiктi жұмысшыларын (бұдан әрi - шетел жұмыс күшi) тартуға (жұмысқа қабылдауға) лицензия берудiң жалпы тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi, бұл меншiк нысанына, қарастылығына және тiркелу орнына қарамастан, республиканың шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi болып саналады.
2. Шетел жұмыс күшiн тартуға (жұмысқа қабылдауға) лицензия беру туралы республикалық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң арызы (өтiнiшi) бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департаментте (бұдан әрi - Халықтың көшi-қон департаментi) және облыстардағы көшi-қоны қызметтерiнде қаралады.
3. Шетел жұмыс күшiн тартуға лицензия беру туралы мәселенi қарау үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департаментке (тiкелей немесе почта арқылы) мынадай құжаттар:
белгiленген нысан бойынша толтырылған бес дана лицензия;
шетелдiк әрiптестермен жасасқан контрактының көшiрмесiн немесе шетелден жұмыс күшiн тарту шарттары жөнiндегi басқа құжаттарды (қазақ және орыс тiлдерiнде);
шетелден жұмыс күшiн тартудың тиiмдiлiгi жөнiнде Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департаментке облыстардың, қалалардың және аудандардың әкiмдерiмен, салалық министрлiктермен, ведомстволармен және облыстардың, Алматы қаласының еңбек және жұмыспен қамту Бас басқармаларымен (комитеттерiмен) келiсiлген үндеу-хат;
шетел жұмыс күшiнiң денсаулық жағдайы туралы медициналық куәландыру ұсынады.
4. Шетелден жұмыс күшiн тартуға лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiмдi Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департамент құжаттар келiп түскеннен кейiн 15 күннен кешiктiрмей қабылдайды.
Лицензия беру (бас тарту) кезiнде:
халықты жұмыспен қамту деңгейi;
шетелден жұмыс күшiн тартатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң орналасқан аудандарында еңбек ресурстарының қолда бар резервi;
кадрлармен қамтылуы;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қарауындағы нақтылы жұмыс күшiн тиiмдi пайдалануы (еңбек өнiмдiлiгi, кадрлардың тұрақтамауы, жұмыс уақытының өнiмсiз ысырабы т.б.);
жұмыс күшiнiң қандай мақсаттарға тартылатыны;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң дамудың қай сатысында тұрғаны, өндiрiс көлемiн арттырғаны немесе қысқартқаны ескерiледi.
Лицензия беруден бас тарту туралы шешiм өтiнушiге жазбаша түрде жолданады және бұған заңда белгiленген тәртiп бойынша шағым жасауға болады.
5. Лицензия бес дана болып ресiмделедi. Лицензиялардың бiр-бiр данасы Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi Бас басқармасына, қызмет көрсететiн банкке, Iшкi iстер органдарына және шаруашылық жүргiзушi субъектiге берiледi.
Лицензияның бiр данасы Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департаментте қалады.
6. Лицензияны басқа заңды немесе жеке тұлғаларға беруге болмайды.
Лицензия шетел жұмыс күшiн Қазақстан Республикасының аумағына кiргiзуге виза беру үшiн негiз болып табылады.
7. Лицензия 3 айдан бір жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң дәлелдi өтiнiшi бойынша лицензия осындай мерзiмге ұзартылады немесе жойылады.
8. Лицензия ресiмдеу мен беруге байланысты шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Еңбек министрлiгi бiрлесiп белгiлеген тариф пен тәртiп бойынша жүргiзiледi.
9. Жұмысқа тартылған шетел жұмысшысының жасы 25-тен кiшi болмауға тиiс.
10. Лицензия күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер шетел жұмыс күшiнiң тұрақты тұратын жерлерiне қайтуын қамтамасыз етуге тиiс.
11. Халықтың көшi-қоны жөнiндегi департаменттiң:
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден лицензия беру туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат сұратуға;
шетел жұмыс күшiнiң еңбек жағдайын, тұрмысын, демалуын және тиiмдi пайдалануын тексеруге,
егер:
а) контракт шарттарының бұзылуы орын алса;
б) лицензия күшiнiң мерзiмi аяқталса;
в) шетел жұмысшылары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзса, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге шетел жұмыс күшiн тартуға берiлген лицензиясын тоқтатуға немесе жоюға құқықтары бар.
12. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң органдары Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Халықтың көшi-қоны департаментiнiң ұсынысы бойынша шетел жұмыс күшiн республика аумағынан алыстай алады.
Келiп-кетуге уақытша жабық аудандарға немесе шекара аймағына шет ел жұмыс күшiнiң келуi тек iшкi iстер органдарының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
13. Шетел жұмыс күшiн заңсыз жұмысқа тартқаны үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, сондай-ақ лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 11 қаңтардағы
N 59 қаулысымен
Бекiтiлген
(Кесте)