Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасының Үкiметi арасындағы Келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 қаңтар 1994 ж. N 68

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария

 

Республикасының Үкiметi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық

туралы 1993 жылғы 30 шiлдеде Алматы қаласында қол қойылған Келiсiм

бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi болгар

тарапын осы Келiсiмнiң күшiне енгендiгi жөнiнде хабардар ететiн

болсын.


    Қазақстан Республикасының

    Премьер-министрi


     Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Болгария Республикасы Үкiметi

         арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы

                            КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Жақтар деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкiметi

мен Болгария Республикасы Үкiметi:

     екi ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың

зор маңызын түсiне отырып,

     екi мемлекеттiң қоғамдық-экономикалық өмiрiнде болып жатқан

түбегейлi өзгерiстердi ескерiп,


 
       егемен теңдiк, өзара тиiмдiлiк принциптерiн және халықаралық құқықтың жалпы танылған басқа да принциптерi мен нормаларын басшылыққа ала отырып, мына төмендегiлер туралы уағдаласты:
 
                        I - БАП
 
      1. Екi Жақ мына төмендегiлерге қатысты барлық мәселелер де бiр-бiрiне мейлiнше қолайлылық режимiн жасайды:
      импорт пен экспортқа немесе соларға байланысты салынатын кедендiк баж салығы мен кез келген алым түрлерi, оның iшiнде осындай баж салықтары мен алымдарды өндiртiп алудың әдiсi;
      импорт пен экспорттың ақысын төлеу және мұндай төлемдердi халықаралық аудару әдiстерi;
      импорт пен экспортқа қатысты ережелер мен ресми iстер, бұларға кедендiк тазартуға, транзитке, қоймаларға салуға және қайта тиеуге қатыстылары да жатады;
      импортталатын тауарларға тiкелей немесе жанамалап қолданылатын салықтар мен басқа да кез келген iшкi алымдар;
      iшкi рынокта сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге, сақтауға және пайдалануға қатысты ережелер.
      2. I-пункттiң ережелерi мына төмендегiлерге қолданылмайды:
      Шекара бойындағы сауданы жеңiлдету үшiн әр Жақтың көршi елдердiң пайдалануына арнап жасалған немесе жасауы мүмкiн артықшылықтары;
      екi Жақтың әрқайсысының қазiргi бар немесе келешекте құрылуы мүмкiн кедендiк одақтарға немесе еркiн сауда аймақтарына мүшелiгiнен туындайтын артықшылықтар;
      тарифтер және /ГАТТ/ туралы Бас Келiсiмге сәйкес үшiншi бiр елдерге жасалатын артықшылықтар және ГАТТ-пен басқа да халықаралық келiсiмдерге сәйкес дамушы елдерге жасалатын артықшылықтар.
 
                              2 - БАП
 
      Тауарлар беру мен қызметтер көрсету бұдан әрi "субъектiлер" деп аталатын, сыртқы экономикалық қызмет атқаруға құқысы бар заңды мекемелер мен адамдар арасында осы Келiсiмнiң ережелерiне және әр елдiң заңдарына сәйкес жасалған келiсiм-шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
 
                              3 - БАП
 
      Тауарлар беру және қызметтер көрсету үшiн барлық есеп айырысу және төлемдер халықаралық рыноктардағы бағалар және халықаралық сауда, қаржы және банкi практикасында қабылданған шарттар бойынша еркiн конвертирленетiн валюта арқылы жүзеге асырылатын болады.
 
                              4 - БАП
 
      Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасының өкiлеттi бiлiктi органдары, егер қажеттi болса, Субъектiлерге өздерiнiң арасында жасалған келiсiм-шарттар бойынша тауарлар беруi және қызметтер көрсетуi үшiн өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес дер кезiнде лицензиялар берiп отыратын болады.
 
                              5 - БАП
 
      Екi Жақ ақпараттар, атап айтқанда сауда-экономикалық және валюта-қаржы қатынастарына қатысты заңдар мен басқа да нормативтiк актiлер саласында ақпараттар алмасуды жүзеге асыру кезiнде, екi ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесетiн жәрмеңкелер, көрмелер және басқа да шараларды ұйымдастыруда бiр-бiрiне көмек көрсетiп отыратын болады.
 
                              6 - БАП
 
      Әр Жақ өзiнiң заңдарына сәйкес өз территориясында екiншi Жақтың сыртқы экономикалық ұйымдарының өкiлеттерi ашылуына және қызмет iстеуiне, сондай-ақ екi елдiң сауда делегацияларын алмасып отыруына жәрдемдесетiн болады.
 
                              7 - БАП
 
      Екi Жақ әрқайсысының өз заңдарына сәйкес өндiрiстiң кооперациялауын ұлғайтуға, бiрлескен кәсiпорындар құрылуына, ынтымақтастықтың басқа да түрлерiн дамытуға және енгiзуге жәрдемдесетiн болады.
 
                              8 - БАП
 

 

     Екi Жақ ғылым мен техника, ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру,

ғылыми және техникалық құжаттамалар алмасу саласындағы

ынтымақтастықты дамытуға көмек көрсетiп отыратын болады.

     - Екi Жақ алдымен төмендегi бағыттарға ынтымақтастық жасау

мүмкiндiктерi бар екенiне келiстi;

     - қайта өңдеу, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi;

     - фармацевтика өнеркәсiбi;

     - көлiк, байланыс және телекоммуникациялық жүйелер;

     - ауыл шаруашылығы;

     - туризм.


                             9 - БАП


     Екi Жақтың елдерi арқылы жүктер мен жолаушыларды тасымалдау

және транзит өз алдына бөлек келiсiм бойынша айқындалатын болады.


                            10 - БАП


     Осы Келiсiмнiң орындалу барысын қарастыру үшiн екi Жақтың

өкiлеттi өкiлдерi алма-кезек Алматы мен Софияда кездесулер

өткiзiп тұратын болады, ал қажеттi болған жағдайда тиiстi шаралар

қолданады.


                             11- БАП



 
       Екi Жақ осы Келiсiмнiң орындалу барысын қарастыру және сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту жөнiнде нақты шаралар қолданып отыру үшiн сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi Комиссия құруға келiстi.
 
                             12 - БАП
 

 

     Екi Жақ Субъектiлерi арасындағы даулар келiсiм-шарт жасасқан

Жақтар арасындағы келiсiм-шарттарға немесе жекелеген жазбаша

келiсiмдерде айтылған уағдаластықтарға сәйкес шешiлiп отыратын

болады.

     Туындаған дау жөнiндегi төрелiк соттың шешiмдерiн екi Жақтың

Субъектiлерi мiндеттi түрде орындаулары тиiс.

     Әр Жақтың өз елiнiң территориясында төрелiк соттың

шешiмдерiн қолданатын және орындататын пәрмендi құралдар болуын

қамтамасыз етедi.


                            13 - БАП


     Бұл Келiсiмге екi Жақтың келiсуiмен өзгертулер немесе

толықтырулар енгiзiле алады.


                            14 - БАП



 
       Бұл Келiсiм екi Жақ ноталар алмасып, келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi ресми заңды iстердiң орындалғаны туралы бiр-бiрiн хабардар еткеннен кейiн күшiне енедi және бес жыл мерзiм бойына қолданылатын болады.
      Бұдан кейiн, егер екi Жақтың бiр де бiрi Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталардан алты ай бұрын оның күшiн тоқтатпақшы екенiн жазбаша түрде хабарламаса, бұл Келiсiм күшiнде қалып, оның қолданылу мерзiмi әрбiр келесi бес жылға өз-өзiнен-ақ жалғаса бередi.
      Бұл Келiсiм екi Жақтың қайсысының болса да мәлiмдемесi бойынша бұзылуы мүмкiн және оның бұзылатынын хабардар еткен нота алынған күннен кейiн алты ай өткен соң күшiнен айрылады.
      Осы Келiсiмнiң қолданылу күшi жойылған жағдайда, оның

 

ережелерi осы Келiсiмге сәйкес жасалған барлық келiсiм-шарттарға,

олардың осы Келiсiм қалдырылған кезде туындап, Келiсiмнiң күшi

жойылғанға дейiн орындалмай қалған мiндеттемелерiне қолданыла

бередi.

     1993 жылғы 30 шiлдеде Алматы қаласында, әрқайсысы қазақ, болгар

және орыс тiлiнде түпнұсқа екi дана етiп жасалды және де текстердiң

бәрiнiң де күшi бiрдей.


Қазақстан Республикасы                      Болгария Республикасы

  Үкiметi үшiн                              Үкiметi үшiн





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады