ЖАРЫЛҒЫШ МАТЕРИАЛДАР ӨНДIРIСIН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСIПОРЫНДАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 қаңтар 1994 ж. N 78. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi жарылғыш материалдар өндiру және жарылғыш материалдар құрамын дайындау техникасы жөнiндегi "Нитрожарылғыш" Ресей акционерлiк қоғамымен бiрлесiп әзiрлеген 1993-2000 жылдары Қазақстан Республикасының кәсiпорындарын жарылғыш материалдармен қамтамасыз ету жөнiндегi Мемлекетаралық кешендi бағдарлама мақұлдансын. 
      2.<*> 
      3.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2,3-тармақтар күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.10.24.  N 1296  қаулысымен. 
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi 1994-1998 жылдары Ақтау азот-тук зауыты қайта жаңартуды және жергiлiктi пайдаланылатын жерлерiнде жарылғыш материалдар дайындау үшiн жылына 300 мың тонна түйiршiктелген аммиак селитрасын өндiру жөнiндегi қуаттарды iске қосатын болсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Ақтау азот-тук зауытының қайтадан жаңартылатын объектiлерi мен ондағы жұмыс түрлерiн жыл сайын аса маңызды құрылыстардың тiзбесiне енгiзсiн және оны Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан қаржыландыруды қарастыратын болсын. 

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады