РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "УКРАIНСКI НОВИНИ" ГАЗЕТIН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 қаңтар 1994 ж. N 83

      Украин тiлi мен мәдениетiн өркендету мен түлету процесiн қолдау, украин диаспорасының рухани талап-тiлектерiн қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Украiнскi новини" газетiнiң құрылтайшысы мiндетiн алсын.
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi белгiленген тәртiп бойынша "Украiнскi новини" газетiн тiркеп, редакцияның құрылымы мен штатын, газет шығаруға, қажеттi қағаз қоры мен полиграфиялық қуаттарды белгiлесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Байланыс министрлiгi, Республикалық "Қазконтракт" контракт корпорациясына "Украiнскi новини" газетiн қаржыландыру, ұйымдық техника, автотранспорт бөлу, материалдық-техникалық қамсыздандыру, байланыс құралдарын орнату мiндеттелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетiне "Украiнскi новини" газетiнiң редакциясына
қажеттi мекен-жай бөлу жүктелсiн.
     5. Гаркавец Александр Николаевич "Украiнскi новини" газетiнiң
бас редакторы болып тағайындалсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады