АКЦИЯЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ПАКЕТIН САТУДЫҢ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 10 наурыз N 257. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.04.25. N 507 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудың тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 10 наурыздағы
                                            N 257 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
             Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудың
                       тәртiбi туралы Ереже
                    I. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже мемлекеттiк кәсiпорындар негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының, Ұлттық акционерлiк, соның iшiнде холдинг, мемлекеттiк және мемлекет қатысатын компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының шешiмi бойынша Мемлекеттiк жекешелендiру қоры (МЖҚ) сатады.
      3. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн жеке және заңды тұлғаларға, соның iшiнде шетелдiктерге сатуға болады.
      4. Акцияларды сатудың тәртiбi акционерлiк қоғамдардың бәрiне, соның iшiнде Ұлттық акционерлiк компанияларға кiретiн қоғамдарға, мемлекеттiк акционерлiк компанияларға, мемлекет қатысатын, соның iшiнде холдинг компанияларға қатысты.
 
                    II. Акциялардың түрлерi және оларды
                           сатудың әдiстерi
      5. Акциялардың мына түрлерi сатылады:
      1991-1992 жылдарға құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының

 

пакеттерi (акциялардың мемлекеттiк пакетi, акциялардың резервтiк

пакетi, шетелдiк инвесторларға және сабақтастарға арналған

акциялар пакетi);

     Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық

бағдарламасына (II кезең) сәйкес құрылған акционерлiк қоғамдардың

акциялары (купон аукциондарында өткiзiлмеген акциялар, акциялардың

резервтiк мемлекеттiк пакетi);

     Акционерлiк, соның iшiнде холдинг компанияларының акциялары.

     6. акциялар мынадай әдiстермен сатылады:

     акцияларды коммерциялық немесе инвестициялық конкурстар арқылы

сату;

     акцияларды ашық сату;

     акцияларды сабақтастарға сату;

     шығынмен жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың акцияларын сату.

     Акцияларды сатудың әдiсiн Қазақстан Республикасының

Меммүлiккомы белгiлейдi.


          III. Акцияларды коммерциялық немесе инвестициялық

                          конкурста сату


 
       7. Акцияларды инвесторға конкурста бәтуаласқан шарттармен сату инвестициялардың, озық технологияның және басқару тәжiрибесiнiң тиiмдi түрде тартылуын қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi бағыттарды анықтайды.
      Акциялар пакеттерiн конкурс арқылы сату былайша жүзеге асырылады:
      конкурс шарттарын сақтай отырып, ең жоғары баға ұсынған конкурс қатысушысына акциялар пакетi - коммерциялық конкурс арқылы;
      Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы белгiлеген инвестициялық бағдарламаға сәйкес инвестициялар салудың негiзгi шарты орындалып, конкурс шарттары сақталған жағдайда акциялар пакетi - инвестициялық конкурс (тендер) арқылы сатылады.
      8. Коммерциялық және инвестициялық конкурс шарттарына мыналар жатады:
      өндiрiстiң бағыты мен көлемiн белгiлi бiр кезеңге сақтау;
      шығарылатын, өткiзiлетiн өнiмнiң, атқарылатын жұмыстың немесе көрсетiлетiн қызметтiң номенклатурасын сақтау немесе толықтыру;
      инвестициялардың көлемi мен мерзiмiн белгiлеу;
      акциялар пакетiн заңды және жеке тұлғаларға қайта сатуды белгiлi бiр уақытта шектеу;
      өнiмнiң сапасын жақсарту және бәсекелiк қабiлетiн арттыру;
      объект жөнiндегi белгiлi бiр iс-әрекеттерге тыйым салу;
      сатушы белгiлеген басқа да шарттар.
      Акцияларды инвесторға сату кезiнде әрбiр кәсiпорын (объектi) бойынша нақты шарттарды Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы белгiлеп, бекiтедi.
      9. Акциялар пакетiн инвесторға бәтуаласқан шарттармен конкурс арқылы сату процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:
      I кезең - акциялар пакетiн конкурс негiзiнде сату туралы шешiм қабылдау, коммерциялық немесе инвестициялық конкурсқа әзiрлену, жұмыс комиссиясын құру.
      Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының, МЖҚ-ның, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың, акционерлiк қоғамдар, банктер мен аудиторлық қызмет басшылығының өкiлдерi кiредi, сондай-ақ сарапшылар мен мамандар тартылады. Акциялар пакеттерiн шетелдiк инвесторларға сату кезiнде Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiктiң өкiлдерi тартылады.
      II кезең - коммерциялық немесе инвестициялық конкурс өткiзу.
      Комиссия өз жұмысының регламентiн өзi әзiрлеп, өзi бекiтедi. Комиссияның шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады, дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      Конкурс шарттарын сақтай отырып акциялардың белгiлi бiр пакетi

 

үшiн ең жоғары баға ұсынған қатысушы конкурс жеңiмпазы болады.

     Конкурс өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы

белгiлейдi.

     III кезең - сатып алушыны анықтау, акциялар пакетiн сату туралы

шартты ресiмдеу және меншiк құқығына кiрiскенi туралы мемлекеттiк

актi беру.

     Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi.

     10. Комиссия бағдарламаны бағалауға және онымен таныстыру

мақсатымен мүдделi адамдарды шақыруға тиiстi басты факторлар:

     үмiткерлердiң бiлiктiлiгi мен тәжiрибесi;

     тұрақты қаржы жағдайы;

     акциялар пакетi үшiн ұсынылған баға;

     үмiткерлердiң жұмыс iстеп тұрған кәсiпорын жөнiндегi ой- ниетi.


                   IV. Акцияларды ашық сату

     11. Акцияларды ашық сату - оларды бағалы қағаздар нарығында

заңды және жеке тұлғаларға сату.


 
       12. Акционерлiк қоғамның акцияларын сату үшiн Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы мен МЖҚ арасында тапсырма шарт жасасылып, соған сәйкес Меммүлiкком:
      - МЖҚ-ға акционерлiк қоғамдардың акцияларын сату құқығын бередi;
      - акциялары сатуға шығарылатын акционерлiк қоғамдар туралы қажеттi ақпаратпен МЖҚ-ны қамтамасыз етедi;
      - сауда-саттық өткiзiлетiн күндi, уақытты және орынды белгiлейдi;
      - төлем тәртiбi мен нысанын және басқа да шарттарды белгiлейдi.
      13. Акционерлiк қоғамдардың акцияларын қор биржаларында және банк мекемелерi арқылы сату кезiнде сауда-саттық жүргiзу ережесi және сатып алушылардың оған қатысуының шарттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңында белгiленедi.
      14. МЖҚ өз клиенттерiнiң операцияларында экономикалық мүдде көздемеуге тиiс. (Экономикалық мүдде дегенiмiз - МЖҚ-ның акциялары сатуға шығарылатын акционерлiк қоғамдармен және сатып алушымен мүлiктiк, еңбек және кредит қатынастары).
      15. Акцияларды ашық сату кезiнде Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы мен МЖҚ арасында пайда болатын дауларды сот немесе тараптардың келiсiмi бойынша аралық сот шешедi.
 
                    V. Акцияларды сабақтастарға сату
      16. Акциялар пакеттерi сабақтастарға нарық субъектiлерi арасында экономикалық байланыстар орнату мен нығайту, кәсiпорындардың өзара тәуелдiлiгi мен өзара мүдделiлiгiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
      17. Сабақтастар - бiртұтас технологиялық кешенде жұмыс iстейтiн, ұзақ мерзiмдi экономикалық байланыстары бар кәсiпорындар. Сабақтас ұғымының бiр мемлекеттiк акционерлiк, соның iшiнде холдинг компаниясына, сондай-ақ мемлекет қатысатын акционерлiк, соның iшiнде холдинг компаниясына кiретiн екi кәсiпорынға қатысы жоқ.
      18. Акциялар пакетiн сабақтастарға сату мамандандырылған, сабақтас кәсiпорындар қатысатын жабық аукцион түрiнде жүзеге асырылады.
      19. Аукцион өткiзу үшiн комиссия құрылып, ол қатысушылардың тiзбесiн және оны өткiзудiң шарттарын белгiлейдi.
      20. Комиссия құрудың, өтiнiмдер берудiң, комиссияның акциялар пакетiн сату туралы шешiм қабылдауының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы белгiлейдi.
 
                VI. Шығынмен жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың
                             акцияларын сату
      21. Шығынмен жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың акцияларын сату шығын шегушiлер санатына жатқызылған акционерлiк қоғамдарға қаржылай көмектесу, инвестициялық қызмет, кәсiпорындардың коммерциялануы және шаруашылық жүргiзудiң тиiмсiз механизмiнiң ауыстырылуы үшiн жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырылады.
      22. Шығынмен жұмыс iстейтiн кәсiпорындар акцияларының пакеттерi коммерциялық немесе инвестициялық конкурс шарттарымен яки аукцион шарттарымен сатылады, оларды өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы белгiлейдi.
      23. Шығынмен жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың тiзбесiн жұмыс комиссиясы белгiлейдi.
      Комиссия кәсiпорынның мәндiлiгiн анықтайды, рентабельдiлiк пен табыстылық деңгейiне сарапшылық баға бередi, объект қызметiнiң бұдан былайғы бағыты бойынша ұсыныс-кеңестер бередi.
      24. Комиссияның тұжырымы негiзiнде Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы акцияларының мемлекеттiк пакеттерi белгiлi бiр шарттармен сатылуға тиiстi кәсiпорындардың тiзбесiн белгiлейдi.
      25. Шығынмен жұмыс iстейтiн кәсiпорындар акцияларының пакетiн сату кезiнде коммерциялық немесе инвестициялық конкурс өткiзу шарттары мынадай негiзгi шартпен толықтырылады: шығынмен жұмыс iстейтiн кәсiпорынның конкурс өткiзу жөнiндегi комиссия анықтаған қарызын сатып алушы өтейдi. Бұл жағдайда кәсiпорын қарызының сомасына сатып алушыға номинал құны бойынша кәсiпорынның қарызына тең акциялар пакетi бөлiнедi.
      Кәсiпорынның қарызын өтеу тәртiбiн және акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудың шарттарын конкурс өткiзу жөнiндегi комиссия белгiлейдi.
 
              VII. Ұлттық акционерлiк, соның iшiнде холдинг
              мемлекеттiк және мемлекет қатысатын компаниялар
               акцияларының пакеттерiн сатудың ерекшелiктерi
      26. Компаниялар акциялар пакеттерiн сату мен сатып алуды өндiрiстi дамыту, қызметтi жан-жақты жетiлдiру және капиталдың құйылуын қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығындағы жағдайды нығайту мақсатында жүзеге асырады.
      27. Акцияларды сатудың осы Ережеде бекiтiлген тәртiбi мемлекеттiк компаниялардың бәрiне, соның iшiнде холдинг компанияларына қолданылады.
      28. Мемлекет қатысатын компанияларға акцияларды сатудың бұл тәртiбi мемлекетте акциялардың бақылау пакетi бар болған жағдайда ғана қолданылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады