ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПӘКСТАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШIЛIГIНIҢ МӘСЕЛЕЛЕРI

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 14 наурыз 1994 ж. N 263

      "Қазақстан Республикасының Пәкстан Ислам Республикасындағы Елшiлiгiн ашу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 қаңтардағы N 1513 U941513_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Пәкстан Ислам Республикасындағы Елшiлiгiнiң штат саны жылдық жалақы қоры 196750 АҚШ доллары болатын 16,5 адам мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Пәкстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiне айына 1500 АҚШ доллары мөлшерiндегi шетел валютасында лауазымдық жалақы белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасының Пәкстандағы Елшiсiнiң шет ел валютасындағы жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      3. Пәкстан Ислам Республикасымен қарым-қатынастың ерекше маңыздылығы, жұмыстың күрделiлiгi мен көлемдiлiгi ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Елшiсiне лауазымдық жалақысына қоса оның шетел валютасындағы жалақысының 20 процентi мөлшерiнде үстемеақы белгiленсiн.
      4. Елшiлiктiң қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсету үшiн олардың АҚШ долларындағы айлықақысы қорының 3,5 процентi мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн.
      5. Елшiлiктiң 1994 жылға арналған шығыс сметасы 608,4 мың АҚШ доллары және 400,4 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға арналған мемлекеттiк бюджетте көзделген қаражат есебiнен шетел валютасында және теңге есебiмен қаржы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады